
Құрбан айт – күллі мұсылман жұрты үшін қасиетті мереке. Айттың бірінші күнінде аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітіне құлшылық етуге жиналған жамағаттың қарасы қалың болды. Айт намазы оқылудан бұрын жиналған қауымды «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы құттықтап, Құрбан айттың маңызына тоқталды. Қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда мерекенің елеулі орын алатынын тілге тиек етті. Құрбан айттың қасиеттері мен айтта орындалатын ізгі амалдарды түсіндірді. Таңертеңгі сағат 6.00-де айт намазы басталып, жиналған жамағат бас имамға ұйып, сәждеге бас қойды. Қасиетті жұма намазынан соң құрбандыққа шалынған 232 ұсақ, 28 ірі қара малының еттері 818 қоғамның осал топтарына үлестірілді. Сонымен қатар демеушілер
есебінен 130 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылатын мейрам. Құрбан айтта ең бастысы -Айт намазы мен құрбан шалу орындалады. Өткен аптаның жұмасында Байзақ ауылындағы “Тілеш қажы” мешітінде Құрбан айт мерекесі кеңінен аталып өтілді. Алдымен мешіт имамы Рахымбек Абиров Құрбан айт-береке мен бірліктің, дін мен дәстүрдің сабақтастығын білдіретін ерекше мейрам екендігіне тоқталып, жамағатты мерекемен құттықтады. Сосын айт намазы оқылды. Әрмен қарай жамағат арасында арқан тарту, қол күресі, гір көтеру сынды спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Арқан тартудан бірінші орынды иеленгендерге 20 мың, екінші орынның тұғырынан көрінгендерге 10 мыңнан, сондай-ақ, қол күресі мен гір көтеруден топ жарған жүлдегерлерге де ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бұл күні 9 бас ірі қара малы құрбандыққа шалынып, мешіт асханасында 200 адамға дастархан жайылды. Бұдан бөлек қоғамның осал топтарына құрбандық еттері үлестірілді. Аудандық “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қасиетті мереке жұма күніне тұспа-тұс келіп отырғандығына екпін салып, Құрбан айттың мәні туралы терең мағыналы уағыз айтып, елімізге тыныштық, әрбір отбасына береке тіледі. Мешіт ордасына жиналған жамағатта айтулы мерекені ұтымды ұйымдастырған мешіт имамына ризашылықтарын білдіріп, қазыналы қариялар батасын берді. Шынайы ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан азаматтарға да алғыс айтылды.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 10.06.2025 11:03 |