Еліміздеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында бірқатар заңдар да қабылданды. Мәселен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар, сонымен қатар бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жұртшылықтың көмегінсіз мүмкін емес. Сол себептен мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Ол үшін халықтың құқықтық мәдениетін арттырып, құқықтық нигилизммен күресу керек. Осы орайда, Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында
апта сайынғы өтетін жиналыста басқарма басшысының тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қызметкерлермен сұхбат жүргізіліп, құқықтық оқыту сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Жиналыстарда: - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді әділ қабылдауды қамтамасыз етуге; -жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдар мен өзге тұлғалардың қызметіне әсер ету үшін қызметтік дәрежені пайдаланбауға; -әріптестерге, басшыларға және өзге лауазымдық тұлғаларға сыйлық бермеуге және лауазымдық өкілеттікті пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не басымдықтар алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге; -көзделмеген құжаттарды талап етуді болдырмауға, сондай-ақ қызметтер мен өзге де функцияларды көрсету барысында қағазбастылықтан (бюрократиядан) барынша қашуға; -сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға тартқан жағдайда, басшылыққа мәлімдеуге; -сыбайлас жемқорлық танытуды болдырмауға міндетті екендіктері айтылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады. Сол себепті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады. Осыған байланысты, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері барынша автоматтандырылған. Осы жасалып жатқан саясаттың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, болдырмау мақсатында жасалуда.
Роза Пірімқұлова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары. |