Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының Байзақ ауданы бойынша Мансап орталығы филиалының «Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің» маманы, консультанты және ассистенттерімен бірге мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік кодекске сәйкес, аудан бойынша жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін консультант пен ассистенттер тарапынан 885 отбасына атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 261 отбасындағы 1660 адамға көмек тағайындалды. Аудан орталығы Сарыкемер ауылы бойынша бүгінгі күнге 118 отбасындағы 725 адам атаулы әлеуметтік көмек
алуда. Оның 19 отбасындағы 89 адамы шартсыз ақшалай көмек, 99 отбасындағы 636 адамына шартты ақшалай көмек тағайындалды. Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылар ішінен 182 адамы еңбек жасындағылар, оның 2-і жұмыссыз ретінде тіркелгендер. 107 адамның өтініш бергенге дейін тұрақты жұмысы барлар, 73-і үш жасқа дейінгі бала күтімінде отырған ата-аналар. Көмек тағайындалған отбасылар ішінен 26 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар, оның 10-ы тұрақты жұмысқа орналастырылғандар болса, 13-ы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар, 3-і әлеуметтік жұмысқа жіберілгендер. Атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 109 отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 689 балаларына, әр балаға 5898 теңге көлемінде қосымша төлем төленуде. Мектеп жасындағы 165 бала оқу орындарында ыстық тамақпен қамтылуда.
Құралай Авдыпова, Еңбек мобильдігі орталығы Байзақ ауданы бойынша “Мансаптық орталық” филиалының консультанты. |