Онлайн газет



ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Аудан орталығы іргесіндегі Үлгілі ауылдық округінде ел сұранысына сай шыны өңдейтін зауыт соғылып, іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеевте қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.
-Өңіріміздегі маңызды инвестициялық жобаның бірі-шыны шыңдайтын өндірістік зауыт болып отыр. Бұл зауыттың ерекшелігі ауылдық жерден ашылуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аймаққа инвестициялық жобаларды қолдау және жаңа өндіріс көздерін ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде облысымызда 2025-2028 жылдары жалпы құны 3,7 триллион теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. Тек биылдың өзінде 175,2 миллиард теңгеге бағаланған 30 жоба іске асырылып, бір мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады. Бүгінгі ашылып отырған кәсіпорын осы бастамалардың нақты көрінісі. Бұл-ел экономикасының дамуына, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Шыны шыңдайтын зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, 40 азаматты жұмыспен қамтиды. «Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ұстана отырып, туған өлкесіне инвестиция салып, іскерлік танытқан азаматтарға алғыс білдіреміз, - деді облыс басшысы Ербол Шырақпайұлы.
Жаңа зауыттың лентасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров қиған бетте үлгілілік ақжаулықты әжелер шашу шашты.
Облыс әкімі зауыттың жұмыс процесімен танысып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Ал шараға қатысқандар үлкен цех ішін аралап көріп, шет елдік автоматтандырылған заманауи станоктар мен қондырғыларда көз ілеспес жылдамдықта әйнекті кесіп, жуып-кептіріп, сығымдаған күйі, тасымалдап жатқан жұмысшылар еңбегіне таңданыс жасады.
Зауыттың құрылтайшысы Жамалхан Ибрагимовтың айтуына қарағанда бұл жобаның құны 1 миллиард теңгені құрайды. Жылына 100 мың шаршы метр шыңдалған шыны шығаратын зауытта 40 адам екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.


-Шыны бұйымдарын шығарумен айналысып келе жатқаныма 20 жылға жуық уақыт болды. Аталған зауыттың мақсаты-облыс халқын жергілікті отандық өніммен қамтамасыз ету. Бұған дейін шыны Алматы қаласынан тасымалданып келген. Енді оны өзімізде шығарып, көршілес облыстарға да шығару мүмкіндігі туындап отыр. Зауытта директорлық қызметті осы салада тәжірибесі бар Сұңғат Бекбауов атқаратын болады, - деді Жамалхан Жұманұлы.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 09.06.2025 10:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1506
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3133
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26704
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909575

Серіктестер