Онлайн газет



АУДАН ӘКІМІ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараев ауданымыздағы шет мемлекеттерде сәуір, мамыр айларында армрестлинг (қол күресі), бокс, кикбоксингтен өткен Азия чемпионаттарынан жүлдемен оралған жас спортшыларды қабылдады.
Қабылдауда Үндістан Республикасының астанасы Нью-Дели қаласында қол күресінен Азия чемпионы атанған №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Дархан Сәрсебай, Фатиххан Баймаханбет, Шерзод Ерғалиев, Омар Әбдіқаппар және Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Коломбо қаласында өткен бокстан Азия чемпионы Жібек Жарасқызы, Сербия Республикасының Златибор қаласында бокстан өткен Дүниежүзілік Гимназия ойындарында алтыннан алқа таққан Нұртас Әлімбай мен Түркия Республикасының Анталия қаласында кикбоксингтен Әлем кубогінде қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанған Әліби Сабыр және олардың жаттықтырушылары болды.
Алдымен аудан басшысы жас спортшылармен жақынырақ танысып алып, оларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.
-Біздің ауданымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт саласы жақсы жолға қойылған. Соның арқасында аудан спортшылары талай биіктерді бағындырып келеді. Сондай спортшылар қатарында облыс, республика, тіпті шет елдергеде танымал болған Ж.Үшкемпіров, Б.Жұмаділов, Н.Мәзбаев, А.Мұсабеков, А. Шымберген, Г.Гафурова, тағы басқа да саңлақ спортшылардың жетістігін сендер сәтті жалғастырып келесіңдер. Бүгінгі кездесу еліміздегі айтулы мерекенің бірі-Рәміздер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мерекелерің құтты болсын! Сендердің жетістіктеріңе жаттықтырушыларыңның да қосып отырған үлесі мол. Алдағы уақытта да тек биіктен көріне беріңдер,-деген аудан әкімі Олжас Елебекұлы жеңімпаз спортшыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен сыйлығын табыс етті.
Спортшыларды аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаевта құттықтап, алда да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілек білдірді.
Марапатталушылар атынан Ф.Баймағанбет пен Ш.Ерғалиевтің жаттықтырушысы Ілияс Жансақалов сөз алып, жас спортшылармен жаттықтырушыларды арнайы қабылдап, ізгі тілек білдіріп отырған аудан басшысына алғыс айтты. Үндістанда 22 мемлекеттен келіп қатысқан қол күресі жарысында Қазақстан командасы бірінші орынды иеленсе, онда біздің облыс, оның ішінде аудан спортшыларының қосқан үлесі мол болғанын атап өтті. Сондықтанда командаға берілген үлкен кубок біздің аудан спортшыларына бұйырған. Ілияс Жеңісбайұлы сол кубокты ауданға сыйлады. Спортшылар әкіммен естелік ретінде суретке түсті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов пен аппарат басшысы Асылжан Құрманов қатысты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 09.06.2025 10:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1513
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3140
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26711
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909582

Серіктестер