Онлайн газет



РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Мемлекеттік рәміздер – әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін айшықты белгілер. Елдігіміздің  белгісі, егемендігіміздің нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздерге биыл 33 жыл толды.
Аптаның ортасында ауданның орталық алаңында Рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтілді.
Жиынға аудан әкімі Олжас Баққараев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппараты басшысы және аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, спортшылар, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара сахна төріне  Әкім Ысқақтың «Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен Мемлекеттік рәміздер сахна төріне шығарылды. Мұнан соң аудандық әкімдіктің және өзге де мекемелердің қызметкерлері, спортшылар мен жастар, мектеп ұстаздарынан құралған хор Мемлекеттік Гимнді орындады.
Мұнан соң аудан өнерпаздары патриоттық әндерді әуелете шырқап, жиналғандарға айрықша көңіл-күй сыйлады. Жезтаңдай әншілер Сәрсенбек Бәкір мен Марал Жанбаеваның орындауында Ержан Серікбаевтың «Қазағым қасиетіңнен айналайын», жігіттер үштігі әуелете шырқаған Арман Бексұлтанның «Ұлы дала», әншілер квартетінің орындауында Ұшқын Жамалбектің «Мен сені сүйемін, Қазақстан» әндері шырқалып, жұртшылықты кең де әсем, тұнық дауыстарымен тамсандырды.

*    *    *
Осы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ұлықтаған велошеру ұйымдастырылды. Велошеруді ауданның белсенді жастары, спортшылар, еріктілер мен оқушылар қолдады.
Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз сөйлеп, қатысушыларға ақ жол тіледі. 
Онда велошеруге қатысушылар еліміздің Туын желбіретіп, Сарыкемер ауылындағы орталық алаңнан бастап, Байзақ батыр, Жамбыл, К.Орынқұлов, Мәмбет батыр көшелері арқылы Байзақ батыр көшесіне түсіп, орталық алаңға дейінгі қашықтықты жүріп өтті.
Белгіленген қашықтықты соңына дейін жүріп өткен велосипедшілердің ұтыс билеттері ойнатылып, жеңімпаздарға 10 түрлі бағалы сыйлық және бас жүлдеге велосипед табысталды.

Мерей Қуаныш,
Қарлығаш  ХАЛИЛУЛАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс студенттері.

Обновлено 09.06.2025 10:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1513
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3140
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26711
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909582

Серіктестер