Онлайн газет



СҰРАНЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

“Аmanat” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар баспана, шаруа қожалығы жеріне тұрғын үй салу, жолға асфальт төсеу, көшеге жарық орнату, көпір салу, қоғамдық көлік, жұмыспен қамту, әр үйге электрондық есептегіш орнату, жер мәселелерімен жүгінді.
Мәселен, ардагер ана Сара Билялова Қосақ ауылының аумағындағы шаруа қожалығына қатысты жеріне құрылыс нысанын салуға қатысты ұсынысын айтты. Аудан басшысы Олжас Елебекұлы ҚР Жер Кодексінің 97-бабының 3-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үй салуға болмайтындығын түсіндірді. Сонымен қатар қызының Сарыкемер ауылындағы Әл-Фараби мөлтек ауданындағы №3 үйден 1 бөлмелі пәтер алғандығын, оны 2 бөлмелі пәтерге ауыстыру жөніндегі өтінішіне заң аясында түсініктеме берілді. Ал Құмжота ауылы, “Нұр” массив алқабының тұрғыны Урзия Еділбаева жолды асфальттау мен  әр үйге электрондық есептегіш орнатуға ықпал етуін сұранды.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға  нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Қабылдауға “Аmanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, тиісті бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 03.06.2025 12:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1462
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3089
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26660
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909531

Серіктестер