Онлайн газет



ҰМЫТЫЛМАЙТЫН ҚАСІРЕТ

Өткен аптаның сенбісі күні аудан орталығындағы Саяси қуғын-сүргін  және ашаршылық құрбандарына қойылған құлыптас алдында жиын өтті.
Онда аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ жеріндегі зұлматқа тоқталды. Кешегі нәубат жылдарында жазықсыз жала жабылып, қаза болған асыл ерлерімізді еске алудың, бүгінгі бейбіт күннің қадірін білудің маңызын атап өтті. Түрік этномәдени орталығының мүшесі Мехия Раджамов қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған этнос өкілдерінің тағдыры мен қазақ халқының көрсеткен  қамқорлығы туралы айтып, мұндай қасірет ешуақытта қайталанбауын тіледі. 
Бұдан кейін жиналғандар Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, құлыптасқа гүл шоқтарын қойды.

Жәмиля Айдар,
М.Х.Дулати атындағы университетінің 2-курс студенті.

Обновлено 03.06.2025 12:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1030
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6396
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36305
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566546

Серіктестер