Онлайн газет



ӘР САЛА БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Алтынай Сембиева, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдігі мен мамандары, бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Сейдуалиева қатысты.
Отырысты Кеңес төрағасы Қыдыралы Оралов ашып, жүргізіп отырды.
Отырыста “Байзақ ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2024 жылғы есебі туралы” бөлім басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
-Аудан бойынша 2024 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 9,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады. Ал биылғы жылдың ІІ-тоқсанында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 4,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100 пайызды құрайды деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылы 69,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100 пайызды құрайды деп күтілуде, - деген Дулат Бекбосынұлы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2024 жылы 23,4 млрд. теңгені құраса, 2025 жылдың І-тоқсанында бұл көрсеткіш аясында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Байзақ ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің 2024 жылғы есебі туралы» бөлім басшысы Ержан Тұрсынбек баяндады.
Қаралған мәселеге байланысты отырысқа бейнебайланыс арқылы қатысқан Гүлмира Сейдуалиева баяндамашыға бірнеше сұрақ қойып, оған жауап алды. Кейбір мәселелерге байланысты өзінің ұсыныстарында жеткізді.
Ал Жамбыл облысы әкімдігі «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байзақ ауданы ветеринария бөлімінің 2024  жылғы атқарған жұмысы туралы» бөлім басшысы Еркінбек Оразов есеп берді.
Әрбір қаралған мәселеге байланысты жасалған баяндамалардан соң Қоғамдық кеңес комиссиялары тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелерінің қосымша баяндамалары тыңдалды. Онда бөлімдерде атқарылған игілікті істермен қатар, басқада өзекті деген мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары ұсынылды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты кеткен кемшіліктер атап көрсетіліп, оны ретке келтіруге бағытталған қарар қабылданды.
Кеңес жұмысын Қыдыралы Оралов қорытындылады.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 03.06.2025 12:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1553
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3180
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26751
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909622

Серіктестер