Онлайн газет



“БАҚЫТТЫ БАЛА - БАҚЫТТЫ ЕЛ”

Осындай  атауымен Балаларды қорғау күніне орай аудан орталығындағы Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды.  Балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен суреттер салып, егемен еліміздің бірлігін, бақытты балалық шақты, отбасының татулығын бейнеледі.
Сондай-ақ,  шағын футболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубының ашық турнирі өткізілді.
Айтулы шараға қатысқан  аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов балаларды мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің үкілеген  үміті-балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғандығын айтып, оларға жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік шарада бүлдіршіндер ән мен жырдан шашу шашты. Жас бүлдіршіндерден құралған би топтарының мың бұрала билеген билері көпшілікті тәнті етсе, балалар ертегі кейіпкерлері: аю, құлтемір, қоянмен билеп, қызықты флешмобтарға қатысып, мәз-мейрам болды.
Шара соңында Рүстем Қалмұхамбетұлы асфальтқа сурет салу байқауының жеңімпаздарын марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.
Балалар - еліміздің ертеңі, үкілеген үмітіміз. Бүгінгі сәби - ертеңгі ел тірегі. Елімізде бала құқықтары қорғалып, олардың жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасалған. Бұл күні   барлық балаларға демеушілердің қолдауымен тәтті балмұздақтар  үлестірілді.
Айта кететін жайт,  концерттік бағдарламадан көптеген балалар қалыс қалмай,  бар өнерлерін ортаға салды. Әсем әндерін әуелете шырқап, өздерінің өнерлі  де талантты екендіктерін де көрсете білді.

Мерей ҚУАНЫШ,
Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс студенті.

Обновлено 03.06.2025 11:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1523
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3150
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26721
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909592

Серіктестер