Онлайн газет



ӘР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,  аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылындағы “Айдын Холл” мейрамханасында ерекше балаларға арналған мерекелік кеш болып өтті.
Кешке аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов пен «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Аmanat» партиясының әйелдер кеңесінің жетекшісі Гүлсая Әмировалар қатысты.
Шара барысында Балалар мен жасөспірімдер орталығының  «Сырғалым» би үйірмесі «Қазақ» биі,  «Қазына» би үйірмесі «Миниондар» биі, «Әсем әуен» үйірме оқушылары «Анажан», «Сәйгүлік» әні, «Ән-қазына» үйірме оқушысы Рамазан Есберген «Мен бақытты баламын» әні, «Тентегім» әндерін шырқап, мың бұрала би билеп, өнерлерін көрсетті.                    
- Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ал бұл балаларымызға қуаныш-шаттық сыйлайтын ерекше мерекенің бірі. Әрбір балаға бақытты балалық шақ тілеймін. Елімізде балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілген. 10 күндік тұжырымдама аясында өткізілетін іс-шаралар балаларға ерекше көңіл бөлініп отырғандығының белгісі. Әрбір бала - балалық шақтың бал дәмін татсын. Балаларға деген үлкен шапағат сыйлап жатқан шараның бірі-бізде өтіп жатыр. Ата-аналар сіздерге үлкен рахмет. Балаларыңыздың денсаулығы түзеліп кетуіне тілектеспін, - деген Рүстем Қалмұхамбетұлы балаларға сыйлықтар тапсырды.
- Құрметті бүлдіршіндер мерекелеріңіз құтты болсын. Балаларымыз бақытты өмір сүру үшін барлығымыз қоғам болып қызмет атқарып жатырмыз. Аналар сіздердің еңбектеріңіз зор. Бүгінгі мереке барлығыңызға қуаныш сыйласын, - деген Индира Абылханқызы балаларға арнап, партия белсенділері атынан балмұздақтарды тарту етті.
Мереке соңында балалардың ата-аналар арнайы кеш ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Мадина ЕРКІНҚЫЗЫ.

Обновлено 03.06.2025 11:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1512
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3139
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26710
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909581

Серіктестер