Онлайн газет



«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

А.Жақсыберген.
ТарМУ-дің студенті.

«Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясының қоғам алдындағы жауапкершілігі мен атқарар рөлі жайында, жалпы “Нұр Отан” партиясы қызметінің негізгі мәселелерін атап көрсеткен болатын.
Жақында «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне жаңа үлгідегі куәліктер табыс етілді. Рәсімді «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Н.Тлепов ашып,   аталмыш партияның қоғамдағы рөліне тоқталды,  партияның 15 жылдығы қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті. Олардың қатарында ауданның Құрметті азаматы Т.Абдуалиев, Т.Жұмабеков, Г.Байбекова және  облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының  аудандық тілшісі Н.Жұбандықова болды.
Н.Жұбандықова  өз сөзінде партияның мүшелігіне қабылданғандығына және алғашқы партия билетін алушы ретінде  қуанышты екенін аса мақтанышпен жеткізді.
"Нұр Отан" партиясының өткен ХV съезінде саяси ұйымның жаңа эмблемасы бекітілген болатын. Осыған орай қазір партияның ескі билеттері жаңа үлгіге ауыстырылуда.

Обновлено 11.06.2014 16:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін254
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада254
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39255
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246641

Серіктестер