
Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету мақсатында 2021 жылдан бері «ПРОФИ» байқауы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты - жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін көтеру. Аудандық «Профи-2024» байқауында «Визажист», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» аталымы бойынша жүлделі бірінші орын алған қатысушыларымыз облыстық «Профи» байқауына жолдама алып, І және ІІ орын иегерлері атанып
келген. Бүгінде жастардың асыға күтетін «Профи» байқауы 4 саладан тұрады. Атап айтқанда «Кондитер», «Аспазшы», «Визажист» және «Дәнекерлеу ісі». Байқау жарияланған уақыттан бастап 27 өтінім парағы келіп түсті. Яғни «Кондитер» мамандықтары бойынша – 11 үміткер, «Аспазшы» мамандықтары бойынша - 4 үміткер, «Визажист» бойынша – 6 үміткер және «Дәнекерлеу ісі» бойынша – 6 үміткер қатысты. Байқауға талапқа сәйкес 16-35 жас аралығындағы арнайы кәсіптік білімі бар әуесқой жастар қатысты. Байқауды жоғары деңгейлі мамандар, тәуелсіз сарапшылар, өндірістік, практикалық тәжірибесі бар қазылар алқасы бағалады.
 Биылғы жылғы «Профи-2025» байқауы 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша «Кондитер» мамандығы бойынша І-орынды Назерке Асанқұл, ІІ-орынды Әдемі Жилкибай, ІІІ-орынды Венера Балтабаева иеленді. «Аспазшы» мамандығы бойынша І-орынмен Алмас Жаманқұл, ІІ-орынмен Күләш Карбозова, ІІІ- орынмен Айдана Қуатбековалар марапатталды. «Визажистер» арасында І-орын Ләйлә Есімхан, ІІ-орын Мадина Ақмолдаева және ІІІ-орын Арайлым Тұрғынбайға бұйырды. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша І-орынды Нұрболат Жексеналы, ІІ- орынды Нұрғиса Абдикарим және ІІІ-орынды Нұрхалық Абдуақас иеленді. Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина ақшалай сертификат, дипломдармен марапаттап, гүлшоғын табыс етті. Қорыта айтқанда қарапайым жұмыс-үлкен құрметтің бастауы дегім келеді.
Сымбат Жиеналиева, “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыру, бақылау және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы. |