Онлайн газет



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

«2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыздан бастап 20 қазан аралығында жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы санағы кемінде он жылда бір рет өткізіледі. Қазақстандағы алғашқы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары өтті және екі кезеңде жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы санағының  мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі, оның құрылымы, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің санаттары, ресурстардың болуы мен пайдалануы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экономикалық сипаттамалары туралы толық және шынайы деректерді алу. Алынған мәліметтер іріктемелі ауыл шаруашылығы зерттеулерін жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің ауыл шаруашылығы тіркелімін өзектендіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және басқа да мүдделі тараптарды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру үшін қажетті объективті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңға ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзім және деректерді жинау әдістері айқындалды.
Ауыл шаруашылығы санағының 1-кезеңі 1 маусымнан 30-маусым аралығында Байзақ ауданында жеке шаруашылықтарды алдын ала аралау арқылы нақтылау жүргізіледі. Жер учаскесінің жалпы ауданын нақтылау, өз жерлерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналыса ма, ауыл шаруашылығы жануарларының барын анықтау. Байзақ ауданында 14019 жер үй бар, аралау үшін 1 кезеңге 29 интервьюер жұмысқа қабылданады (1 интервьюерге 540 үй аралау жүктеледі).
2025 жылдың 1 тамызынан 31 тамызға дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары sanag.gov.kz сайты арқылы онлайн сауалнамадан өтеді.
Аудан бойынша 126 заңды тұлға 3973  шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер тіркелген.
Негізгі кезеңі 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында интервьюерлер үй аралап, планшетпен сауалнама жүргізеді. Аудан бойынша аула саны – 15758,  оның ішінде  ауылдық округтерде 10693 аула бар.
Құрметті тұрғындар! Ауыл шаруашылығы санағына өз үлестеріңізді қосыңыздар.

Дамир Нұрабаев,
Байзақ ауданының Статистика басқармасының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1519
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3146
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26717
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909588

Серіктестер