Онлайн газет



ТАРИХИ ШЕЖІРЕ ҚОЙМАСЫ

Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік мекеме. Ол тек шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың қазынасы іспетті. Содан болса керек, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада: «Бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр» деп, «Архив-2025» атты бағдарламасы қолға алынды.
Расында, аталған жоба ұлт тарихын санаға сіңіруде барша қазақстандықтардың бойында ортақ сезім қалыптасуына ықпал етеді.
Қоғамның бай тарихи шежіресінен сыр шертетін архивтегі әр құжат құнды. Мұндағы әр іс-қағаз өскелең ұрпаққа шашауы шықпаған күйде жеткізіледі. Кез келген адам ата-баба тарихына үңіліп, ол туралы дерекке қанық болады. Қазақстанда архив қорының жинақталуы 1921 жылы басталған. Демек еліміз туралы теріліп, тігілген мәлімет қанша екенін болжай беріңіз.
Қазіргі уақытта аудандық архив қорында 160 қор 29441 құжат сақтаулы. Оның ішінде аудандық атқару комитетінің шешімдері, қаулылары мен жиналыс хаттамалары, аудандық мәслихаттың, нотариалды кеңсенің, халық сотының, аудан көлеміндегі барлық ауылдық кеңестер мен ауыл округтерінің құжаттары бар.
Аудан архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен тыл ардагерлерінің, күллі ауданға есімдері әйгілі Жетпісбай Кенбаев, Әбен Сұлтанбеков, Әділхан Әбдешов, Тұрсынбай Әбдіреев, Сауытбек Рысбаев, Өнербай Молдабаев, Әлтен Жанысбаев, Қожан Исмайлов сынды тұлғаларымыз туралы жеке тектік құжаттарын кездестіруге болады. Сонымен қатар Байзақ ауданын көркейтуге атсалысқан ауданның «Құрметті азаматы» атағымен марапатталған тұлғаларымыздың да құжаттарын осы қатардан көруге болады.
«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру мәселесін де көтерген. Соған орай бүгінгі таңда құнды құжаттарды цифрлық нысанға көшіру жұмыстары жүйелі негізде атқарылып келеді. Қазіргі таңда аталған жұмыс бойынша 34 қордан 9354 істің 985 425 парағы цифрлық форматқа көшіріліп, жоспардың 40 пайызы орындалып отыр.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Осы тұста архивтің атқарар рөлі орасан зор. Себебі, ұлтымыздың тарлан тарихы, жүріп өткен жолы, бастан кешірген оқиғалары өскелең ұрпақ үшін архив қоймаларында сақталуда.

Ақбаян Бұралқы,
«Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архивисті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1443
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3070
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26641
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909512

Серіктестер