Онлайн газет



ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Аудан әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңес отырысы аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен өтті.
Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен ауылдардағы спорт нұсқаушылары қатысты.
Отырыста «Көктемгі егіс, дала жұмыстары мен вегетациялық кезеңнің өту барысы туралы» аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев баяндама жасады.
-Биылғы жылы аудан бойынша жоспардағы 56 500 гектар жердің 56 255 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8 750 га күздік бидай, 12 440 га жаздық арпа, 1 890 га дәндік жүгері, 1 050 га майлы дақылдар, 913 га қант қызылшасы, 450 га картоп, 4 344 га көкөніс, 1 580 га бақша және 24 500 га мал азықтық дақылдар егілді. Бүгінгі күнге дәндік жүгері, қант қызылшасын егу және көкөніс көшеттерін отырғызу жұмыстары жалғасуда. Мұның кешіктірілу себебі ағын суының аз келуінен болып отыр.
Өткен жылы 7 302 гектарға су үнемдеу технологиясы орналастырылса, биыл 4 800 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланды. Оның 1 230 га алқапты тамшылатып, 250 га жаңбырлатып, 650 га алқап лазерлік жоспарлаушы қолданылды.
Биылғы жылғы несиелендіру жолында көктемгі дала жұмыстары үшін “Кең дала” бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы жалпы сомасы 69,0 млн. теңге несиеге өтініш берілді. “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша 8 шаруашылыққа 669,6 млн. теңгеге ұсыныс жасалды. Бұдан басқа 4 шаруа қожалықтың 226,9 млн. теңгеге өтінімдері қаралуда, -  деген Еркебай Жарқынбекұлы бұдан кейінде техникалардың дайындығы, дизель отыны, минералды тыңайтқыш, мал азығын дайындау, вегетациялық кезеңнің өтуі, үйірлі шегірткелерге қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып шықты. Осы жерде ол саяқ шегірткелерге қарсы ауданда 13 шаруа қожалығы өз қаражаттары есебінен 680 гектар алқапқа өңдеу жұмыстарын жүргізгеніне де тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе- «Денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ғалым Қалтаевтың баяндамасында атқарылған жұмыстар ашық көрсетілмегендіктен бұл мәселе кейін қайта қаралатын болды.


«Байзақ спорты – 2025» спартакиадасының қорытындысы туралы» аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Әділханұлы баяндады.
-2000 жылдан бастап дәстүрлі түрде жылына екі рет көктем, күз мезгілдерінде ұйымдастырылып, өтетін «Байзақ спорты» спартакиадасы биылда жоғары деңгейде өтті. Спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау мен тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысуға жол ашып отыр. Екі айға созылған спартакиадаға 348 адам қатысып, спорттың волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңіл атлетика, арқан тарту түрлері бойынша 27 жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарыстар Сарыкемер, Түймекент, Байзақ, Бурыл ауылдарындағы спорт кешендерінде өтті. Ойындар барысында Бәйтерек, Көптерек, Сарыкемер, Түймекент, Көктал ауылдық округ командалары белсенділік танытса, Қостөбе, Жаңатұрмыс, Жалғызтөбе, Сазтерек, Мырзатай ауылдық округтері 1-2 спорт түрінен ғана жарысқа қатысты, - деген Олжас Әділханұлы көптеген округтерде округ әкімдері мен спорт нұсқаушылары арасындағы байланыстың төмендігі, көп ауылда спорттық алаңдардың жоқтығы, жөндеуді қажет ететіні, спорттық жабдықтар мен спорттық киімдер алуға, жарысқа қатысушылардың келіп, кетуіне төртінші деңгейдегі бюджеттен  ешқандай округте қаражаттың қаралмауын атап өтті.
Спартакиада қортындысы бойынша І-орынды иеленген Көктал, ІІ және ІІІ-орындарды жеңіп алған Түймекент, Сарыкемер ауылдарының командаларына аудан әкімі Олжас Елебекұлы арнайы диплом, кубок, бағалы сыйлықтарды тапсырды. Ал Көптерек, Бәйтерек ауылдық округ командалары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Аппараттық кеңес жұмысын қорытындылаған аудан басшысы қаралған мәселелерге байланысты орын алған олқылықтарды ретке келтіріп, жұмысты жүйелі түрде жүргізуді ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 30.05.2025 12:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1517
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3144
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26715
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909586

Серіктестер