30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар. Акция ел Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық
жүйесі, республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2025 жылғы 30 мамыр күні, сағат 17:00-де, Қазақстан Республикасының барлық қалаларында “Халық заңгері” ауқымды жалпыреспубликалық акциясын өткізу жоспарлануда. Акция аясында Байзақ ауданы әкімі аппараты, заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кез келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңестер ала алады. Келіңіздер, құқықтық көмек алам деуші жандардың барлығын күтеміз! Мекенжайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 313 “д”. Халыққа қызмет көрсету орталығы.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |