Онлайн газет



Еуразиялық экономикалық Одақ – заман талабына лайықты келісім-шарт

Н.Бейсенов,
ардагер ұстаз, Түймекент ауылы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия құрлығындағы жаңаша экономикалық бірлесу жөніндегі өміршең идеясы сәтті жүзеге асты. Яғни, өткен 29 мамыр күні Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінің басшылары Елордамызда Еуразиялық экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бұл аталмыш Одақтар көлеміндегі тарихи күн болып мәңгілік есте қалары анық.
Үш ел арасындағы экономикалық одақтың құрылуы ең алдымен қарапайым халық үшін тиімді болмақ. Айталық, шет елде білім алғысы келген жастар немесе денсаулығын жақсартқысы келген үлкен-кіші сол елдерде жүріп жан-жақты жеңілдіктерге ие бола алады.
Бас қала – Астананың төрінде өткен алқалы жиында Нұрсұлтан Әбішұлы «Басты мақсаттың бірі экономикаларымызды бірлесе жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін біріктіру. Бізге өзге интеграциялық бірлестіктердің, ең алдымен Еуроодақтың тәжірибесін ескеру маңызды. Әңгіме қатысушы елдің бірде-бірінің деиндустриализация үдерісіне ұрынып қалмауы, ұлттық экономикада өнеркәсіптің дәстүрлі салаларының, ауыл шаруашылығының құлдырауын болдырмау туралы болып отыр. Еуропа экономикасындағы рецессияның беретін сабағы осында» деп атап өтті. Демек, бұдан былай еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, бізде еркін сауда аймағы нығайып, Кеден одағында кездесетін кедергілер анағұрлым жеңілірек болмақ. Бір сөзбен айтқанда, еуразиялық экономикалық одақ -  заман талабына лайықты шарт.
Сөзімді қорыта айтарым, «Алтау ала болса  ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп дана халқымыз айтқандай, үш елдің ынтымақтаса, татулықта маңызды шешім қабылдауы еліміздің одан ары өсіп-өркендеуіне септігін тигізе бермек. Елге ел қосылса құт емес пе? Жаңа Одақ экономикамызды, өзге де басқа салалардың әл-ауқатын арттыратынына сеніміміз зор.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін202
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9600
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39203
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246589

Серіктестер