Онлайн газет



ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл – еліміз тарихындағы айрықша маңызды күндердің бірі. Өйткені, рәміздер – мемлекеттіліктің белгісі, ел тәуелсіздігінің айғағы, халқымыздың өткені мен бүгініне, болашағына жалғасқан рухани көпір.
Туымыз көк аспандай бейбітшілікті, ашықтықты білдірсе, оның ортасындағы күн – өмір мен қуаттың символы. Ал, қалықтаған қыран – еркіндік пен биік мұраттардың белгісі. Бұл көркем образдар халқымыздың ұлы армандарын, болашаққа деген сенімін айқын көрсетеді.
Елтаңбада шаңырақ – ортақ үй, бірлік символы. Одан таралған уықтар – халықты біріктіретін күш. Қанатты пырақтар – арман-мақсаттарымыздың жүзеге асуына деген үміт, еркіндік пен алға ұмтылудың бейнесі. Әнұран – халықтың рухын көтеретін, ел бірлігін нығайтатын, патриотизмді оятатын ерекше нышан.
Рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың борышы. Бұл – тек заң талап еткен міндет емес, бұл – елге, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі. Қай жерде, қай уақытта болмасын көк Туымыз көтерілсе, Елтаңбамыз бейнеленсе, Әнұранымыз шырқалса – сол жерде ел рухы биіктейді. Бүгінгі ұрпақ – рәміздердің мәні мен маңызын жете түсінуі тиіс. Себебі, олар тек көркем белгілер емес, олар – елдің тағдырымен сабақтас, жүрекпен сезілетін ұлттық құндылықтар. Сондай-ақ, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Мемлекеттік рәміздер күні – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана мен патриоттық рухты қалыптастырудың жарқын құралы. Бұл күнді атап өту арқылы біз ұлттың тәуелсіздігі мен бірегейлігін, бейбітшілігі мен болашағын дәріптейміз. Ендеше, әр қазақ жүрегі ел рәміздерімен бірге соғып, оларды көздің қарашығындай сақтауы тиіс.

Айжамал Уразалиева,
«Ақпараттық медиа орталығының» тілшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1538
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3165
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26736
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909607

Серіктестер