Онлайн газет



РӘМІЗДЕР - ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Елді танытар ұлттық құндылық – Ту, Елтаңба, Гимн бүгінде төрткүл дүниеге кеңі­нен танылды. Мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі – рәміздер. Әр елдің Туы, Елтаңбасы мен Гимні – сол халықтың рухын, тәуелсіздігін, болмысын бейнелейтін киелі ұғымдар.
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері – халқымыздың тарихи тамырынан бастау алған, ұлттың ар-намысы мен абыройының көрінісі.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілсе, 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленіп келеді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі Қазақстанның өт­кені мен бүгінін және болашағы ара­сындағы сабақтастықтың жар­қын бейнесі екендігін көрсете білді. Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтып,  рәміздерімізбен мақтана білуіміз керек.
Мен кең байтақ қазақ жерінде дүниеге келіп, осында білім алып жатқанымды мақтан тұтамын.Тәуелсіздігіміздің тұғыры- мемлекеттік рәміздер. Еліміздің Туы, Елтаңбасы және Гимні ел рухын көтеріп, егемендіктің іргетасын бекітті. Сондықтан аспан түстес Туымыз биікте желбіреген сәтте, Гимніміз орындалған уақытта бойымызды қуаныш кернейді.
Мемлекеттік рәміздер – біздің туған жер, Отан, патриоттық деген ұғымдармен байланысты ұлттық мақтанышымыз.  Ендеше, Туымызбен тұғырлы, Елтаңбамызбен еңселі, Әнұранымызбен асқақ тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын  болсын!

Эльанора  Қалмахан,
М.Х.Дулати университетінің студенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1559
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3186
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26757
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909628

Серіктестер