Онлайн газет



КӨПШІЛІКТІҢ АЛҒЫСЫ

Халқымызда «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген ертеден қалыптасқан аталы сөз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан әр ауылда мектеп бітіріп, сан салада еңбек етіп ауылдарынан жырақта жүрген жастар араға 20-30-40 жыл салып жиналып туған – өскен ауылдарында бас қосып, ағайын – туыстарымен шұрқырасып, өмірден өткендерді еске алып, құран бағыштап, ас таратып, ауылдастарына есте қаларлықтай тірлік жасап беріп жүргендіктерін әркез естіп – көріп жүрміз. Осындай игі іс – шара биыл Ақжар ауылында өтті. Мектеп бітіргендеріне 20 және 40 жыл болған мектеп түлектері ауылда бас қосып, ауыл мешітінде өмірден өткендерге құран бағыштап, көпшілікке ас таратты. Өздері он жыл білім алған білім ошағында болып, самайларын ақ шалған ұстаздарымен қауышты, сүйікті мектептерін аралап, өздерінің өткен күндерін еске алды.
Ауылдың кіреберісіне ауылға келетін қонақтарды күтіп алатын және шығарып салатын күту аялдамасын жасатқан еді. Сонда көпшіліктің қатысуымен жиын өткізіп, лентасын қиды. Онда осы жолдардың авторы және шаруашылықта ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен Күмісбек Телтаев және жасы үлкен әже – аналар Ботагөз Әденова, Әлима Аюбекова, Қалдыкүл Ибраева, тағы басқалар сөз сөйлеп, араға жылдар салып басқосқан ауыл жастарының игі тірліктеріне алғыстарын айтты. Халқымызда «Жауынменен жер көгереді, батаменен ер көгереді» деген аталы сөз бар. Жастарымызға рахметімізді айтып, қайда жүрсендер де аман болыңдар, ауылдағы ағайынды ұмытпаңдар деп шығарып салдық.

Айтмаханбет Тышқанбаев,
ардагер ұстаз.
Байзақ ауданының Құрметті ардагері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1449
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3076
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26647
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909518

Серіктестер