Онлайн газет



ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА - “СЫРҒАЛЫМ” БИ ТОБЫ

Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазыналарымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тыныс-тіршілігін, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркен жайып келеді.
Ынтымақ ауылдық округінде “Мың бұралған бишілер” тақырыбында аймақтық би жарысы өткізілді. Бұл шараға ауылдық округтерден келген өнерлі жастар қатысып, өздерінің би шеберліктерін көрсетті. Кіл мықтылар бас қосқан байқауда  ұлттық және заманауи билерді мың бұрала билеген бишілеріміздің өнеріне көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп отырды.
Әділқазылар алқасының ұйғарымымен өз ауылымыздағы “Сырғалым” би тобы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Көптерек ауылдық округінің, үшінші орынды Жалғызтөбе ауылдық округінің бишілері иеленді.
“Өнер талантты өсіреді” дегендей, бекзат өнер саналатын - би өнерінің құдіретін танытқан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Құралай САДЫҚОВА,
Ынтымақ ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы.

Обновлено 30.05.2025 12:13
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2127
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2127
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57072
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700340

Серіктестер