Онлайн газет



КҮН ТӘРТІБІНДЕ - КҮЗДІК СЕБУ ЖҰМЫСТАРЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиын күзгі дала

жұмыстарына арналды. Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі М.Шүкеев алдымен жаңа тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сұлтанбеков пен аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Олжас Көкейді жиын қатысушыларына таныстырудан бастады. Содан кейін бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – күзгі дала жұмыстарының тым баяу жүргізіліп жатқанына шаруалар назарын аударды.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков игерусіз қалған жерлер, оларды тиімді пайдалану, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар, су тапшылығына орай тамшылатып суғару технологиясын қолдану, соя өсірудің тиімділігі жөнінде ой қозғады.
Сонымен бірге жиын барысында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы О.Көкейдің күзгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндамасы тыңдалды. Бөлім бастығы өз сөзін аудан бойынша күзгі дала жұмыстарына берілген жер көлемі 7100 га құрайтынын, оның 6500 га күздік бидай себуге, 600 га қант қызылшасына арналғанынан бастады. Жер жырту жұмыстары ауылдық округтердің басым бөлігінде баяу жүруде, яғни пайыздық өлшеммен есептегенде 50 пайызға да жетпеген болса, кейбір ауылдық округтер, атап айтқанда, Темірбек пен Үлгіліде бірде-бір гектарға соқа тісі тимеген. Сондай-ақ Түймекент ауылдық округінде ғана қант қызылшасына 34 га жер дайындалып, айдалған.
Олжас Көкей бұдан басқа бірқатар мәселелерді: тұқымды тексеруден өткізу, күздік бидай себу жұмыстары, ауылдық округ әкімдерінің бөлімге берген мәліметтерінің сәйкес келмеуі, олардың күзгі дала жұмыстарына тиісті деңгейде мән бермеуі, қант қызылшасын жинауға дайындық жұмыстарын назардан тыс қалдырмау, су тапшылығына байланысты егістікті алқаптарға орналастыру кезінде суды көп қажет ететін дақылдарды суға қол жетімді жерлерге егу, жерді субарендаға беру мәселесі, жанар жағар май, 9,5-12 пайыздық үстемемен тұқым сатып алу жолдары, шаруа қожалықтарының ассоциациясын құру мәселесіне көңіл бөлу жайына кеңінен тоқталды.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілген соң, аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы жиынды қорытындылады.

 

Обновлено 10.10.2012 15:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін379
mod_vvisit_counterКеше1782
mod_vvisit_counterОсы аптада8667
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда25297
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2276966

Серіктестер