Онлайн газет



«АРДАГЕР ҰСТАЗДАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Ұстаз - ұлағатты ұғым. Бүкіл ғұмырын білім беру саласына арнап, әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыратын ұстаз бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.
Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде 2005 жылғы түлектердің бастамасымен «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды. Ондағы орындықтар, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалып, айналасы қылқан жапырақты ағаштармен көмкерілген. Арка жасалып, орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылған. Ағымдағы жылдың наурыз айынан құрылысы басталған аллея пайдалануға берілді. Бұл игі іс ауылдан шыққан, танымал ұлағатты ұстаздарды ұлықтау, оларды насихаттау, мұғалімдердің мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету мақсатында қолға алынған болатын. Аллеяны жасақтауға  мектеп түлектерімен қатар ұстаздардың ұрпақтары және ауылдан шыққан бірқатар азаматтар да өз үлесін қосты.
Салтанатты шарада ардагер ұстаз Төрегелді Егізбаев пен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мұрат Өскенбаев ашылу лентасын қиған соң, қонақтар аллеямен таныс болды. Онда ардагер ұстаздар, білім ордасының түлектері ретімен сөз алып, игі бастама ұстаздарға көрсетілген сый-құрмет пен жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни, адамгершілік қасиеттерін сіңіруге септігін тигізетінін атап өтті.
Бұдан әрі мектептің мәжіліс залында ұлағатты ұстаз Маратжан Юнусовтың зейнетке шығуына орай ақындар айтысы ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстазға арнап айтыскер ақындар Кеңесбек Шалқар, Бейсен Ернұр, Дөңбай Рай, Дархан Әбдіманатов өнер көрсетті. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мұрат Өскенбаев, ауыл әкімі Самат Күсемісов, туған-туыс ағайындары, сонымен қатар әріптес ұстаздары және түлектері жиналып, жүрекжарды ақ тілектерін ақтарды.
Шара барысында ұстаздық еңбек жолын бастағаннан зейнет жасына дейінгі барлық жетістіктері айтылды. Сонымен қатар Маратжан Юнусов білім саласын өркендету жолындағы қосқан үлесі мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, құрмет көрсетілді. Ұстаз мерейі беделімен өлшенеді. Ал, беделдің өлшемі қашан да биік екені рас.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 27.05.2025 12:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1523
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3150
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26721
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909592

Серіктестер