Онлайн газет



КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ

Көктем-күз маусымында қарқынды қансыраумен жоғары өлім жағдайларымен айқындалатын аса қауіпті ифекцияның табиғи ошақтары аудан аумағында да тіркелуде. Ауруды тасымалдаушылар көбінесе – иксод кенелері. Тағы  басқа да  тасымалдаушылар – тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит ретінде орналасып ауру таратады. Негізінен ауыл шаруашылық жұмыстарымен айналысатын тұлғалар көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады. Ауру бір адамнан екінші адамға жұғады.
Клиникалық көріністері: Созылмалы (көрінбейтін кезең) ұзақтығы 1-14 тәулік. Басталу кезеңі 9 күнге дейін созылады. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы 39-400С-қа дейін көтеріледі. Ауырғандар бас, буын мен бұлшық ет, іш пен бел ауруы, жүрек айнуы және құсу, іші  өтуге шағымданады. 3-5 тәулікте дене қызуы төмендейді. Бір-екі күннен кейін қайта көтеріледі. Сандырақ ұзақтығы 1-12 тәулікке созылады. Ауру адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғарғы  бөлігінің, коньюктиваның қызаруы, көз ағының қантамырларында ұсақ қан бүршіктері пайда болуы, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, қан қысымының төмендеуі байқалады.
Геморрагиялық кезең: 3-6 тәулікте басталады, іште, кеуденің оң жақ  бүйірінде, иық белдеу аймағында, жиірек арқада, жамбас және білекте бөртпелер пайда болады. Ине салған жерлерде қанды сүйел байқалады.  Шырышты қабықта қанталау, жатырдың және мұрынның қанауы, қан түкіру, ішкі дәретпен қан кетуі, қызыл иектің шырышты қабығының, ауыздың, тілдің және коньюктиваның қанауы. 10 тәулікке жалғасқан асқазан және ішектен қан кетеді. Одан соң босаңдық, ұйқысұрау жоғарылайды, естен тануы мүмкін. Құсу жиілейді, кейбір ауруларда ми қабаттарының асқыну белгілері жетіледі. Жүрек соғысының бәсеңдігіне тән, қан қысымы төмендейді. Кейде естен тану жағдайы болады. Тамырдың соғуы бәсеңдеп, жағдайдың ауырлығын көрсететін тамыр соғуының жиілеуіне ауысуы мүмкін.
Аурудың беті қайту кезеңі дене қызуының қалыпты жұмыс істеуімен және қан кетулердің тоқталуымен  басталады. Жүрек соғуы тұрақсыз болады, қан қысымы төмен, ұзақ уақыт сақталады.
Осы аурулардың орын алған аймақтарында, кенелердің белсенділігі кезеңінде табиғатқа шыққанда сақтану қажет. Егер сіз кене бар қауіпті аймақта болсаңыз, ашық түсті киім кигеніңіз жөн. Ең дұрысы репелент қолданыңыз. Денеңізден кене тапқан жағдайда қорықпаңыз, кенені теріден сауатты шығарып алу сіздің қатерден аман болуыңыздың кепілі. Ол үшін кенені ақырын ғана айналдыра  денеден шығарып алыңыз. Есте сақтаңыз! Кенені денеден жұлып алу аурудың жұғу қатерін күшейтеді. Шаққан жерін йодпен залалсыздандыру қажет. Жақын арада орналасқан медициналық ұйымға қаралыңыз. Кенені сақтап әкеліп медициналық қызметкерлерге көрсетіңіз, олар кененің қаншалықты қауіпті екенін анықтап береді. Үй жануарларын қырқу кезеңінде қолға қолғап кию қажет, себебі кененің қанымен ауруды жұқтырып алу мүмкін.

Роза Пірімқұлова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1551
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3178
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26749
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909620

Серіктестер