Онлайн газет



ҰБТ аяқталды: нәтиже қандай?

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Мiне, тағы бiр оқу жылы аяқталып, жалпы орта бiлiм алушылар өз өтiнiштерi негiзiнде ұлттық бiрыңғай тестiлеуден өттi. Бұл жолы да өткен жылғыдай бақылау қатаң болды, iшкi-сыртқы тәртiп сақталынды. Бiлiмдiнiң бағы жанды, бiлiмсiздiң салы суға кеттi деуге болады. Дегенмен жалпы республика көлемінде тестілеу орталықтарында ұйымдастыру мәселелерінде кейбір келеңсіз оқиғалардың орын алғаны да рас. Бір аптаға созылған ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі қандай болды? Олай болса, құрметті оқырман аудан әкімдігі білім бөлімінің берген мәліметтеріне көз жүгіртейік.
Сонымен биылғы мектеп бітіруші түлектердің 486-сы, яғни 76,3 пайызы (мектеп бітірушілер саны 637)  ҰБТ ӨП-те ұйымдасқан түрде, үш лекте ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыстырылған. Олардың 462-сі (95,06 пайызы) қазақ тілінде, 24-і (4,93 пайызы) орыс тілінде тест тапсырған.
Аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 65,84 пайызды (өткен жылмен салыстырғанда 1,24 пайызға төмен)  құраған. ҰБТ-ге қатысқан 30 орта мектептің жетеуінде орташа балл көрсеткіші облыстық көрсеткіштен (72 балл) жоғары болыпты. Олардың қатарында С.Сейфуллин орта мектебі – 88 балл, Берікқара орта мектебі – 78 балл, Жаңатұрмыс орта мектебі – 76 балл, Бурыл орта мектебі – 75 балл, М.Әуезов орта мектебі – 74,4 балл, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы – 73,1 балл және Көктал  орта мектебі – 72,5 балл жинап, жоғары көрсеткішке жеткен.
Сондай-ақ 50 балл шекті деңгейге қол жеткізе алмағандардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 117-ден (19,4 пайыз) 92-ге (18,93 пайыз) төмендесе, 100-ден астам балл жинаған мектеп бітірушілердің үлесі өткен оқу жылғы 4,3 пайыздан (25 оқушыдан) 4,73 пайызға (23 оқушыға) өскен. Былтырғы ҰБТ қорытындысында ең жоғары 114 балды Н.Киікбаев орта мектебінің оқушысы алса, биылғы ең жоғары 120 балды Ленин орта мектебінің оқушысы А.Тұрарова иеленген.
«Алтын белгіге» ұсынылған 16 үміткердің жетеуі, яғни 43,75 пайызы өз білімдерін дәлелдеп, өткен жылмен салыстыра қарағанда 24,52 пайызға (өткен жылы 19,23 пайыз) артқан.  Атап айтар болсақ, Ленин орта мектебінің оқушысы А.Тұрарова – 120 балл, Н.Киікбаев орта мектебінің үш оқушысы Ғ.Тыныштықова – 114 балл, Қ.Ебелекбаева – 113 балл және Б.Көшкімбаев – 112 балл, Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебінің түлегі Ә.Құрбанова – 111 балл, С.Сейфуллин орта мектебінің түлегі І.Мұқаш – 109 балл, Буырл орта мектебінің оқушысы Б.Болтабаев – 104 балл жинап, «Алтын белгі» иегерлері атанды.
«Алтын белгіге» ұсынылған Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының түлегі Ә.Қожамқұловаға бір балл жетпей қалуына байланысты «Үздік аттестат» иегері қатарына қосылыпты. Сонымен қатар, «Үздік аттестатқа» үміт артқан үш оқушымыздың біреуі ғана өз білімін дәлелдеген. Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектептің түлегі Р.Тулегенова 115 балл жинаған. Осы «Үздік аттестатқа» өткен жылы ұсынылған 29 үміткердің ешбірі өз білімін дәлелдей алмағанын ескерсек, бұл көрсеткішті жетістік ретінде қабылдауға болады.
Бір өкініштісі, өткен жылға қарағанда жекелеген пәндерден екілік алған бітірушілер саны 55-тен 67-ге артқаны, кейбір орта мектептерде ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үлесінің және 13 орта мектептің орташа балдары аудандық орташа көрсеткіштен төмен болуы, аудан бойынша 92 бітіруші түлектің шекті деңгейден өте алмауы, ҰБТ қорытындысы нәтижесінде 67 бітірушінің жекелеген пәндерден 1-3 балл алып, екілік баға алғаны көңілге кірбің ұялатады.
Міне, осымен үміт пен күдікке толы ұлттық бірыңғай тестілеу де аяқталды. Нәтижесі өздеріңіз көріп отырғандай қуанышы мен өкініші қатар өрілген. Сондықтан келер жылдан үмітіміз жанып, сеніміміз ақталсын десек,  олқы тұстардың орнын толтырып, кеткен кемшіліктерді саралап, осы бастан қамдануымыз қажет.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін124
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9522
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39125
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246511

Серіктестер