Онлайн газет



Рәміздер күні аталып өтілді

К. Шәмші,
А.Жақсыберген.
ТАРМУ-дің студенттері.

Әлемдегі әр елдің рәміздері – сол мемлекеттің мақтанышы болып саналады. Сол сияқты Қазақстан Республикасының рәміздері – біздің елде тұратын әр азаматтың мақтанышы болуы керек. Сондықтан өзін патриотпын деп санайтын әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеп,  қастерлеуі қажет.  1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сол  жылдан бастап, аталмыш мерекені қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.
Ауданның орталық алаңында рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтілді. Жиын басталмас бұрын, Қазақстан   Республикасының  Мемлекеттік   рәміздерін  ұлықтаған автокөлікшілер, велосипедшілер және мектеп, мекеме ұжымдарының шерушілері Сарыкемер ауылының Гагарин орта мектебінен  орталық  алаңға  дейінгі аралықты жүріп өтті. Көк байрақ желбіреген көліктер аудан орталығын айнала салтанат құрып, бойға мақтаныш сезімін ұялатты.
Іс-шараның ресми бөлігі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Алғаш болып аудан әкімі  М.Шүкеев  сөз алып, жиналған жұртшылықты  ҚР-ның рәміздері күнімен құттықтады. Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Папиев  рәміздерге деген құрметтің маңызын сөз етті. Сарыкемер ауылдық  округінің жастар орталығының ұйымдастырушысы Ә.Құрманалиев жастар  атынан  құттықтап,  өлең  жолдарын арнады.
Осы күні сахна биігінен елдің мәртебесін арттыратын, елдік намыс пен абыройды асқақтататын  патриоттық әндер шырқалып, айналаны жыр-думанға бөледі. Әнұрандай қастерлі әуенді әндер жаңғыра әуелеп, аталмыш күннің мерейін асыра берді.

Обновлено 10.06.2014 18:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1112
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1112
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40113
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247499

Серіктестер