Онлайн газет



Маңызды мәселені талқылады

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Аптаның жұмасы күні «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Жарық тарату» бастауыш ұйымының мүшелері Сарыкемер орта мектебінде өткен жиынға жиылды. Онда сарапқа салынған басты тақырып – Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттері арасындағы экономикалық одақтың тиімділігі болатын.
Алғаш мінбеге көтерілген «Жарық тарату» бастауыш ұйымының төрайымы  Шолпан Байтақова үш ел арасында құрылған экономикалық одақтың республикамыздың одан әрі дамуына тигізер ықпалы, тиімді тұстары жайында әңгіме қозғады.
Мұнан кейін сөзге шыққан партия Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов үстіміздегі жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғанын, бұл бастаманы Елбасы осыдан 20 жыл бұрын көтергенін ауызға алып, оның сауда-саттық, білім салаларын жандандыруда алар орны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кезек жарыссөзге берілгенде, аталмыш бастауыш партия ұйымының мүшелері Қ.Қозбақова, Р.Мырзахметовалар ЕЭО-қа кіру арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізілетіндігін, әсіресе, шекаралардан еркін өту, барлық елдердің ақпарат көздеріне, білім беру мен медициналық қолжетімділік күшейтілетіндігі қуанышты жәйт екендігін жеткізіп, болашақ қамы үшін жасалған келісім келелі істерімен қуантарына сенімділік білдірді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім шығарылып, қаулы қабылданды.

Обновлено 10.06.2014 18:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1333
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8746
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4653
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256322

Серіктестер