Онлайн газет



ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар екені белгілі. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер мен  жеке азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет.  Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады.
Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында «АСУ» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен аудан тұрғындарының, шаруа қожалықтары басшыларының және ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлерінің құқықтық білімдерін арттыру мақсатында семинар өткізілді.
Оның жұмысын аудан әкімдігінің аппарат жетекшісі С.Кенжебеков ашып, жүргізіп отырды.
Бірінші болып сөз алған заңгер Салтанат Назымбекова әкімшілік құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасы кодексінің талаптары жайында кеңінен сөз қозғады. Баяндамашы жалпы әкімшілік құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен әкімшілік құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасы азаматының әкімшілік-құқықтық мәртебесі, атқарушы билік пен мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты түсіндіріп берді.
Ал,  облыс әкімдігі  жер қатынастары басқармасының бас маман-заңгері Бақыт Сағынбекұлы жер қатынастары тұрғысында, атап айтқанда, жер заңнамасын қолдану аясындағы келелі мәселелерді сөз етті. Сондай-ақ даулардың пайда болу себептерінің негізгісі меншік құқығын және жерді қолдану құқығын ұсыну немесе тоқтатуда жер заңнамасының нормаларын бұзу, азаматтарға жер учаскелерін ұсыну, жер учаскелерінің шектерін анықтау құқығын беру туралы әкім шешімдерінің және әкімдік қаулыларының заңсыздығы болып табылатынын, яғни жер құқықтық қатынастар саласында өкілетті мемлекеттік органдар әрекеттерінің заңсыздығы, не әрекетсіздігі орын алатынын жеткізді.
Семинарды өткізу үдерісінде оған қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар мен түсініктер берілді. Семинар жұмысын «АСУ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Ноқрабеков қорытындылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1005
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8418
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4325
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255994

Серіктестер