Онлайн газет



МЫҢ ТЕРЕК КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жемісін беруде. Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан акция аясында қыруар тірліктер атқарылып,  қоршаған ортаға деген шынайы құрмет қалыптасып келеді.
Өткен аптаның сенбісінде Сарыкемер ауылындағы  “Байзақ ауданының 80 жылдығы” атындағы саябақтың маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. 
Осы шараға аудан әкімі Олжас Баққараев, аудан әкімдігі мен мәслихат ұжымы, аудан әкімдігіне қарасты  бөлімдер мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, жеке кәсіпкердің демеушілігімен бір гектар жерге мың терек көшеті отырғызылды.


“Ауылына қарап-азаматын таны” демекші, әркім өз ауылының сәнді де сәулетті болғанын қалайды. Ауылы таза, жасыл желегі мол, көзтартарлық болуы көңілге қуаныш  ұялатады. Сондықтанда ауыл тұрғындары көктемгі екі айлық тазалық пен апта сайынғы “Таза Қазақстан” акциясы кезінде көп жұмыстар атқаруда. Көшелер мен саябақтар тазаланып, қураған ағаштар бұталып, көшеттер отырғызылуда.

Өз тілшіміз.

Обновлено 06.05.2025 12:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1065
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2631
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19040
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855615

Серіктестер