Онлайн газет



ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ

“AMANAT” партиясы Байзақ аудандық филиалы Қостөбе БПҰ Қостөбе орта мектебінің базасында  “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, “Ұрпаққа мұра” акциясы бойынша “Ерлікке тағзым- ұрпаққа мұра” патриоттық іс- шарасын өткізді.
Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы, отставкадағы полковник Сауранбек Жамалбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің комиссия төрағасы Алдаберді Махашев қатысып,  жастарға әскери-патриоттық тәрбие берумен қатар,  Ұлы Жеңістің  80 жылдығына байланысты рухани-үлгілік бағыттағы әңгімелер айтты.
Партияның жобалары мен акциялары барысында аудан көлеміндегі атқарылып жатқан істер мен өткізілген іс-шаралардың мәні мен маңызы туралы “АMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева айтып берді.
Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соғыс жылдарындағы және патриоттық әндер шырқалды. Жас ұрпақ өздерінің әскери саптық өнерлерін көрсетті.
Мұнан соң ардагерлерге құрмет көрсетіліп, естелікке суретке түсті. Осы іс-шараға белсене қатысқан Жамбыл облысының әскери взводының оркестрі, мектеп директоры Н.Есентаев, директордың  тәрбие ісі -жөніндегі орынбасарлары Диана Мырзалиева, Клара Суюнова, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Болатқали Беридихановтарға алғыс айтылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 06.05.2025 12:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1107
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2673
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19082
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855657

Серіктестер