Онлайн газет



ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Асыл дініміздегі ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету секілді ата-бабадан жалғасып келе жатқан қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру басты міндетіміз.
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ауданның дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің жұмыстарын жетілдіру бойынша өткен жұмыс тобы отырысында айтты.
Отырыста дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Асылхан Қалмұрзаев баяндады.
Баяндамашы дін саласындағы ақпараттық топтардың қызметі мен мақсаты, бұқарамен байланыс мәселелері, өткізілетін іс-шаралардың тақырыптарын таңдау, ақпараттық түсіндіру топ мүшелері жұмысының жаңа әдістері мен жаңғыру мәселелері, сондай-ақ, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілеріне тоқталды. 
Сонымен қатар, еліміздегі діни ахуал туралы қысқаша шолу жасап, діннің қоғамдағы маңыздылығы, діни сауаттылықты көтеру-уақыт талабынан туындап отырғандығын атап өтті. Мұнымен қатар  ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін арттыру бағытында қолға алынған жұмыстар, әдістемелік көмектер, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері, салт-дәстүрге байланысты тың деректерді қолдану барысымен қатар, әлеуметтік сауалнама жүргізу  арқылы оның нәтижесі бойынша жұмыстар жүргізудің өзектілігін де назардан тыс қалдырмады. Сондай-ақ дінге қызығушылық танытқан жастар дұрыс ақпаратты білікті мамандардан алу, өсіп келе жатқан жас толқын бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік бәрінен жоғары тұратындығын да айтты. Өнер-ғылымның өркендеуіне Әл-Фараби, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауидің мұраларын терең  зерделеп, дәріптеудің өзектілігіне де екпін салды. Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсуде әрқайсымызға жүктелген міндеттің ауқымдылығын атап өтіп, тағаттылық пен мәдениетаралық үндестікті насихаттау-уақыт талабынан туындап отырған талап екендігін жеткізді.


Әрмен қарай «Аналитикалық интернет карта» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстар бойынша Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының экстремизмге қарсы насихат бөлімінің маманы Айжан Айтқұл жан-жақты мағлұмат берді.
Жиын барысында жастар арасында жат ағымдардың зардабы, діни сауаттылықты арттыру, сенімсіз сайттар мен жат ағымдардан сақтану жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 06.05.2025 12:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1164
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2730
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19139
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855714

Серіктестер