Адам құқықтары - әрбір адамның туылғаннан бастап иеленетін негізгі, ажырамас құқықтары мен бостандықтары. Бұл құқықтар адамның қадір-қасиетін қорғауға, әділетті және бейбіт қоғамда өмір сүруге мүмкіндік береді. Адам құқықтары нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, дініне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан бәріне тең дәрежеде беріледі. Адам құқықтарының негізгі түрлеріне өмір сүру құқығы, еркіндік пен жеке қол сұғылмаушылық құқығы, сөз және ар-ождан бостандығы, білім алу және
еңбек ету құқықтары жатады. Бұл құқықтар халықаралық құжаттарда, соның ішінде БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында кеңінен көрсетілген. Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауға үлкен мән береді. Конституцияның 1-бабында: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты айтылған. Бұл еліміздің құқықтық мемлекет болуға ұмтылысын білдіреді. Адам құқықтары тек қағаз бетінде қалмауы тиіс. Оларды күнделікті өмірде сақтау, қорғау – мемлекеттің де, әр азаматтың да міндеті. Әділетті, демократиялық қоғам орнату үшін әркім өз құқықтарын біліп, басқалардың да құқықтарын құрметтеуі маңызды.
Асет ЛЕСБАЙ, Көптерек ауылы әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маманы. |