Онлайн газет



ӨМІР МЕН МАЙДАНДА ШЫҢДАЛҒАН

«Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде-бір азаматын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз» деген еді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың  3 қаңтарында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында.
Бүгінгі еліміздің көркейіп-гүлденуі, ұрпақтарымыздың шат-шадыман, бақытты тұрмысқа өмір сүруіне, әрине, аға ұрпақтың маңдай терінің, елге сіңірген еңбегінің жемісі екендігі айдан анық.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде ауданымыздан майданға аттанған ер-азаматтардың бірі-Жұмабай Ақылов еді.
Ол 1915 жылы Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданы, Байзақ ауылында дүниеге келген. Басқа отбасылар секілді бұлар да өткен ғасырдың қиындықтары ұжымдастыру, аштықты бастан кешеді.  Әкесі Жидебай еңбекқор болса, анасы Злиханың  бірнеше перзенті шетінеп, Жұмабай мен Мейрамкүлі ғана аман қалғандықтан, бар тапқанын осы екеуінің аузына тосып, өсіреді. Сол кездегі қиындық пен жоқшылық Жұмабайды жастайынан еңбекқор, қайсар етіп тәрбиелейді. Өз құрдастары секілді  білім алуға ұмтылып, Тараздағы үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Еті тірі, ісіне пысық Жұмабай осы курсты бітіріп, елді сауаттандыру ісіне белсене қатысып, жергілікті халықты оқуға үгіттеп, олардың білім алуына бар күш-жігерін жұмсайды.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталған тұста Жұмабай Жидебайұлы майданға сұранып, елін, жерін жау езгісінен қорғауға аттанады. 178 Новгород-Северский минометшілер полкінде дайындықтан өтеді. Забайкальский округінің 64-маңғыт атты әскер шекара отрядында, 362-ші Забайкалье Қызыл Тулы артиллериялық полкі, 2-ші дивизияның, 6-шы батальонында барлаушы болып, жау тылынан құпия деректерді дер кезінде жеткізіп,  ерліктің ерен үлгісін көрсетеді. Маңызды тапсырманы орындау кезінде басынан ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Ем алып, денсаулығын түзеген соң да майданға  қайта сұранып,  шайқастарға қатысып, екі жыл фин соғысына қатысып, елге 1947 жылы оралады.

Жанқиярлық ерлігі үшін  “II дәрежелі Отан соғысы” орденімен, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», “Отан қорғаны үшін”, “Ерлігі үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Жапонияны жеңгені үшін”, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», “Ұлы Жеңіске 20,30,40,50 жыл”, “КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл” медальдарымен марапатталады.
Майдангер елге жеңіспен оралған соң, бейбіт өмірге араласып, ұстаздықпен қатар бухгалтерлік мамандықты да алып жүреді. Зейнетке шығар алдында біраз жыл колхозда ақтылы қой өргізіп, озат шопандардың бірі атанады.
Жұмабай ағамыз зайыбы Фатимат апамен бірге бес ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсірген. Олардан 30 немере, 2 шөбере сүйіп, 1999 жылы 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Соғыс және еңбек ардагерінің өнегелі өмірі, еңбекқорлығы мен  талапшылдығы, ақыл мен сабырды тең ұстайтын асыл қасиеттері, әзілге ұсталығы кейінгі жастарға үлгі етуге тұрарлық. Ол еңбек еткен жерлерде жарқын іздері жатыр.
Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген аға ұрпақтың ерліктері тарих бетіне алтын әріппен  жазылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 30.04.2025 11:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1205
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2771
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19180
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855755

Серіктестер