Онлайн газет



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке-Тағзым, Ұрпаққа үлгі» тақырыбында Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында өткен облыстық спартакиада да аудан командасы IV орынды иеленіп, 250 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды.
Жеті спорт түрінен өткен жарыста жекелеген спорт түрлері бойынша дойбыдан Оразкүл Джаманбаева, тоғызқұмалақтан Күлзахира Сыражиева, Асқар Мыңбаев, асық атудан Әбдібек Байділдаев, волейболдан ауданның құрама командасы жүлделі 3-орындарды иеленді. Ал дойбыдан Алимұхаммед Бекайдаров төртінші, теннистен Жібек Шолтабаева, Фарид Кабировтар бесінші орынды иеленіп, аудан командасына мол ұпай қосты.
Жеңімпаздар аудандық ардагерлер кеңесінің дипломы, медальдары,  бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ауданымыздың спортшы ардагерлерін жеңістерімен құттықтай отырып, алда да аудан спортын асқақтата берулеріне тілектеспіз.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2131
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2131
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57076
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700344

Серіктестер