Онлайн газет



ОРМАН – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Біздің тілшіміз Байзақ аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Бауыржан Желеубаевқа жолығып, мекеменің атқарып отырған жұмысы туралы сұрап, білген еді.

- Бауыржан Берікбайұлы, алдымен мекеме туралы қысқаша мағлұмат бере кетсеңіз?
-Біздің мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы №198 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.
Талас және Бескепе орманшылығы болып екіге бөлінетін Мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 221 640 гектарды құрайды.  Орман екпе ағашымен көмкерілген жер көлемі 135458, орман қорындағы жайылымдық жер көлемі 52626, шабындық жер көлемі 21246 гектарды құрайды. Бескепе орманшылығына – 143656, ал Талас орманшылығына – 77984 гектар жер тиесілі.

- Мекемедегі жұмыс істейтін азаматтар мен техникалардың жарамдылығы, оны жаңарту жолдары туралы да айтып өтсеңіз?
-Мекеменің мақсаты орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жұмыстары. Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды үнемі күтіп ұстап, оны толықтырып отырумен мекеме қызметкерлерін қоса есептегенде 78 адам айналысады. Олардың барлығына өздеріне қатысты қызметтер мен жұмыстар бөлініп берілген. Ал орман қорындағы жұмыстардың барлығы негізінен техникамен атқарылатыны белгілі. Сондықтанда қолда бар әртүрлі маркадағы 8 автокөліктер мен 7 тракторды үнемі күтіп ұстап, науқандық жұмыстарымызға пайдаланып келеміз. Алғашқы алынған техникаға 13 жыл болса, 10 жылдан асып кеткен техникаларда аз емес. Жыл сайын Облыстық бюджеттен материалдық техникалық базаны жаңарту мақсатында қаражат бөлініп тұрады. 2023 жылы трактор мен автокөлік алдық. 2024 жылы жер өңдейтін агрегаттар берілді. Биылғы жылы тағыда тракторлар мен автокөліктер берілгелі жатыр. Облысымыздағы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық техникалық базасы жылма жыл жақсарып келеді.

- Мекеменің кейінгі жылдары атқарған жұмыстары туралы жыл-жылымен айтып берсеңіз?
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы алдағы 5 жылда 2 млрд. түп ағаш отырғызу туралы тапсармасына сәйкес орман қоры жеріне қарағаш, сексеуіл көшеттері отырғызылуда. 2021-2023 жылдар аралағында 410 гектар жерге 1538,8 мың дана сексеуіл көшеттері отырғызылды. Сексеуілдің шығымдылығы 45 пайызды құрады. Бұлардан басқа уақытша тұқымбақтарға 13,5 гектар жерге қарағаш, сексеуіл тұқымдары себілді. Ал 2024 жылдың көктемінде орман қорын молықтыру мақсатында 570 гектар жерге 1781250 дана сексеуіл, 184 гектар жерге 408850 дана қарағаш көшеттері механикалық жолмен отырғызылды. 4 гектар уақытша тұқымбақтан 1 млн. 785 мың дана қарағаш, 20 гектар сексеуіл тұқымбағынан 1 млн. 129 мың дана сексеуіл көшеттері дайындалды.
Ал биылғы жылы 70 гектар алқапқа 219,0 мың дана сексеуіл көшеттері отырғызылды. 31,0 мың дана көшет арқылы 2024 жылы егілген сексеуіл екпелерінің 15 гектар алқабына толықтыру жұмыстары жүргізілді. Уақытша тұқымбаққа 2 мың дана боз арша, 300 дана қырым қарағай көшеттері егілді. Енді алдағы мамыр айында уақытша тұқымбаққа 1,5 гектар жерге 180 кг қарағаш, қараша айында 7 гектар жерге 651 кг сексеуіл тұқымдарын дайындап, себуді жоспарлап отырмыз.

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты елдімекендердің жасыл белдеуін құру жұмыстары орман шаруашылығы мекемелері арқылы жүргізілгенін білеміз. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
-Дұрыс айтасыз. Мәселен, біз өткен жылы көктемгі орман қорын молықтыру жұмыстары үшін қайтарымсыз негізде орман шаруашылығы мекемелеріне қарағаш көшеттерін бердік. (Ақыртөбе-600, Луговой-360, Меркі-550 мың дана). Ал, өз ауданымыздағы Бәйтерек, Дихан, Бурыл, Көптерек, Мырзатай, Жалғызтөбе ауылдық округтеріне 200-500 дана аралығында, Байзақ аудандық оңалту орталығына 500 дана қарағаш көшеттерінен көмектестік. Жалпы 1 млн. 513 мың дана қарағаш көшеттері берілді.
Ал 2025 жылы Басқармаға қарасты Луговой орман шаруашылығы мекемесіне 50 мың, Ақыртөбе орман шаруашылығы мекемесіне 150 мың дана қарағаш көшеті қайтарымсыз негізде берілгенін айта кетуге болады.
Жасыл белдеу өңірлік жоспары бойынша ақылы негізде Талас ауданының 10 ауылдық округі мен Қаратау қаласына 30,6 мың дана, Тараз қаласындағы НДФЗ зауытына 1,0 мың дана, Айша бибі шипажайына 200 дана қарағаш көшеті, 20 дана бозарша көшеті сатылды.
Өз ауданымызға келсек аудандағы 17 ауылдық округі 36,0 мың дана, Мырзатай сауықтыру орталығы 1,0 мың дана қарағаш, ал Бурыл ауылдық округі 30 дана бозарша көшетін алды. Қарағаш көшетінің 1 түп данасы 150 теңге тұрады. Көшеттер барлық сұраныс иелеріне бір бағада сатылуда. Бүгінде тұқымбақта 43,0 мың дана қарағаш көшеттері өсіп тұр. Бұл көшеттерге сұраныс күз мезгілінде түседі деген есебіміз бар.

- Мекемеде ауыз толтырып айтатындай игілікті істер атқарылып жатқанына көзіміз жеткендей болды. Ал бұл жұмыстарды атқарып жатқан алдыңғы қатарлы еңбек озаттарының аты-жөндерінде білгіміз келеді?
-Мекемедегі орман шаруашылығы саласын дамытуға, орман байлықтарын сақтауға және көбейтуге аса жауапкершілікпен қарап еңбек етіп келе жатқан сала үздіктері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ІІІ-дәрежелі төсбелгісі, Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының «Елеулі еңбегі», «Еңбек даңқы» төсбелгілерін алып, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының Алғыс хаты, аудан әкімінің Грамотасы, мекеменің Алғыс хатымен марапатталғандар қатары көптеп саналады. Олардың қатарында директордың орынбасары Асхат Қосыбаев, бас инженер Қуанышбек Молдабаев, орман күзету және қорғау бас инженері Мақсат Заурбеков, орманшылық басшылары Досжан Сағиндыков, Ерасыл Мейрбек, аңшылықтану маманы Айнұр Қанатқызы, орман шебері Нұрдәулет Қимолдаев, орман өрт сөндіру станциясының басшылары Ержан Мырзақұлов, Бақыт Есенқұлов,  мекеме механигі Марат Джанкушиков, орманшы-қорықшылар Ақниет Тұрмаханбет Нұржан Тайпақов, автокөлік жүргізуші Нұрбай Әлімбетов, өрт сөндірушілер Нұрлан Ойшыбеков, Еркін Сейтімбетов, тракторист Досмұханбет Өмірзақов, радиооператор Асылхан Дүйсенбековтер бар.

- Бауыржан Берікбайұлы, бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Сондай-ақ ауданымызда тазалық, көріктендіру мен көгеріштендірудің екі айлығы өтуде. Бұған сіздер қандай үлес қосып жатырсыздар?
-Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың 20 қаңтар күні мекеменің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы №7 орта мектебі оқушыларының қатысуымен тұқымдарды контейнерлерге отырғызу арқылы көшет өсіру іс-шарасы өткізілді. Сонымен бірге Темірбек ауылдық округіне қарасты Сарыбарақ елді мекеніндегі Сарыбарақ орта мектебінде 200 дана қарағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараның мақсаты- экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отан сүйгіштік, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 200 дана қарағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы жоспарда тұр.

- Өзіңіздің тарапыңыздан тағы басқада айтарыңыз бар ма?
-Мекемеде атқарылып жатқан жұмыстарға келсек түгел айтылғандай болды. Орман – ел байлығы. Сондықтанда орман қорын сақтау, таза ұстау, оны үнемі толықтырып отыру біздің басты міндетіміз. Ендігі айтарым аудан халқы болсын, ауданға келген қонақтар болсын таза ауаға серуендеп шыққанда тазалық мәселесіне мән берсе деймін. Өздері отырған жерді тазалап кетуді әдетке айналдырса дұрыс болар еді. Әсіресе, от жаққанда оны өшіріп, темекі тұқылына абай болғандары жөн. Өрт-тілсіз жау. Сондықтанда тазалықпен бірге отқа абай болуды ескерте кеткім келеді.

- Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 30.04.2025 11:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1202
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2768
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19177
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855752

Серіктестер