Онлайн газет



САПТА ЖҮРІП, ӘН ШЫРҚАДЫ

Жақында №1 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Сапта жүріп ән айту” байқауы өтті.
Айтулы шараға  аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің  ұйымдастыру және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Нұртас Уалиев, А.Пушкин, Бурыл, Ғ.Байтасов атындағы орта мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері Азимхан Турапбаев, Самат Керимжанов және Шыңғыс Бесбаевтар қатысты.
Байқауға мектебіміздегі 7-8-сынып оқушыларынан 12 команда қатысып, бақ сынады. Басты мақсат-оқушылардың патриоттық сезімдері оянып, оларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, саптық дайындық пен ән айту қабілеттері арқылы топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Әр оқушыға сапта жүріп ән айту тек қана ән салу емес, белгілі бір тәртіпке бағыну, барлық қатысушылармен бірге үйлесімділік пен бірлік таныту қажеттігінің маңызын, бойындағы тәртіп пен шыдамдылығын да шыңдауға көмектеседі.
Сайыс барысында оқушылар сапта жүріп, еліміздің танымал патриоттық әндерін орындады. Ән айту кезінде саптық тәртіп сақталуы керек болды. Яғни әрбір қатысушының жүрісі, дауыс ырғағы және әнді бірге айтуы маңызды болды. Сонымен қатар сапта бірлікті сақтау, уақытында қозғалу және үйлесімді түрде ән айту – байқаудың басты талаптары болатын.
Байқаудың нәтижесінде ең жақсы өнер көрсеткен «Үздік киім үлгісі» аталымымен 7 «А»-сынып иеленсе, «Үздік командир» номинациясы аталымымен 8 «Ә»-сынып оқушысы Нұрхат Қыпшақбай марапатталды. Жүлделі ІІІ орынды 8 «Г», ІІ орынды 8 «Ә», І орынды 7 «А»-сыныптары жеңіп алып, мерейлері үстем болды.
Жеңімпаздар диплом, ақшалай сертификат, медаль, кубоктармен марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығы да өздерінің өнерлерін көрсету арқылы көпшілікке патриоттық рух сыйлады.
“Сапта жүріп ән айту” байқауы – тек өнер жарысы ғана емес, ол оқушылардың тәртіпті, ұйымшыл болуына, сондай-ақ, Отанға деген сүйіспеншіліктерінің артуына ықпал етті. Жалпы байқау жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы зор құралы болып табылады.

Сейтхан Қуантаев,
Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлер мүгедектері» аймақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1205
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2771
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19180
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855755

Серіктестер