Онлайн газет



МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ-ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында білікті медицина мамандарының тапшылығы-әлі де өзекті мәселе, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн,- деп тоқталып өтті.
Елбасы Н.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса көңіл аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан білім саласына қолдау көрсетті.
«Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек», -деген болатын. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ елімізді көкке көтереді. Еліміздің болашағы жастардың сапалы білімі мен тәрбиесі, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты қалыптасатыны сөзсіз. Бүгінгі жастар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрімізді жаңғыртып қоймай, экономика, ғылымын дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.
"Гуманитарлық және жалпы білім беру пәндері" оқу әдістемелік бірлестігінің төрайымы Замира Жанабекқызының басқаруы мен оқытушылары аудан және қала мектептеріне жарты ғасырдан астам тарихы бар «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіне қазіргі заман талабына сай мамандықтарға оқуға түсуге шақыру жұмыстарын бастады.
Колледждің басты мақсаты - жастарымызға отандық және халықаралық нарыққа медицина саласаның бәсекеге қабілетті кадрлар әлеуетін қалыптастыру мақсатында жоғары білікті мамандар даярлау.
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіне оқуға түсемін деген оқушыларға тек кітаптан оқып, құлақтан естіп қана қоймай, заманауи технологияларын  оқу үрдісінде қолдану арқылы оны іс жүзінде іске асыру заман талабына сай білім беруде.
Білім ордасында «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Лабораториялық диагностика», «Мейіргер ісі», «Гигиена және эпидемиология» және «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандықтарын дайындайды.
Колледжіміздің  материалдық-техникалық базасы: 4 қабатты ғимараты, оқу корпусы мен медициналық орталық, оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған қосымша оқу корпус,  кітапхана, мәжіліс залы, асхана, спортзал және медициналық орталық дәрігерлер жұмыс істейтін 2 корпустан, орталық УДЗ, ЭКГ, флюроаппарат, физиоаппараттар тағыда басқа заманауи құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі таңда біздің колледжіміз облысымыз ғана емес, Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы медицина қызметкерлерін дайындайтын оқу орын.
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадам. Сондықтан өзің таңдаған мамандықтың қаншалықты құнды, әрі маңызды екенін ұмытпауың керек.
Хакім Абайдың сөзіне сүйеніп айтсақ, дүниенің кетігін тауып бір кірпіш болып қалану, жаның қалайтын мамандықты жаңылмай таңдаудың және өз ісінің нағыз шебері болудың артықшылығы мол. Еліміздің болашағы - білімді жастар. Жастар білімді болса, тәуелсіз еліміздің болашағы – Ұлы дала елі көркейе беретіні кәміл.
Егеменді еліміздің ертеңі – болашақта жақсы маман болу үшін «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіне білім алуға шақырамыз.
(Лицензия KZ19LAA00016058)

Қайрат ЖҰМАБАЕВ,
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің математика пәнінің оқытушысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1126
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2692
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19101
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855676

Серіктестер