Онлайн газет



ПАЙДАСЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Өткен сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлері ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өткізді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты. Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрқат Батырқұлов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы туралы кеңірек баяндады.
Ал ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғазиз Қосыбаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсудің жолдары туралы айтты.
Ол өз баяндамасында мемлекеттік  қызметкерлерді Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылында қабылдаудың тәртібін слайдта көрсете отырып айтып берді. Оқуға түсу тәртібіндегі биылғы жылғы өзгерістерді айтып, толықтырулар мен қойылатын талаптарға да тоқталды. Оқу мерзімі 1 жыл және 1,6 жыл екендігінде айта кетті. Оқу орнында грант және ақылы негізде оқитыны, тапсырылатын құжаттарда айтылды. Конкурстың іріктеу кезеңі эссе жазу, сұхбат жүргізу арқылы бағаланып, оқуға қабылданғандар сабақты 1 қыркүйекте бастайды. Академияға түсудің артықшылықтары, оқып жүрген кезде еңбек өтілі тоқтамайтыны, шәкіртақы соңғы алған айлық-жалақы көлемінде төленетініде жеткізілді.
Баяндамашыларға кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды.


Кездесуден соң Нұрқат Батырқұлов азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді өздерінің сұраныстарына орай жеке қабылдады. Қабылдауда болғандар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Агенттік басшысының міндетін атқарушы Н.Батырқұлов ауданымыздағы №3 Байзақ колледжінің білімгерлерімен кездесті. Онда мемлекеттік қызметшінің ерекшеліктері түсіндіріліп, білімгерлер сұрақтарына жауап берілді. Кездесудің мақсаты-білімгерлерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, мемлекеттік қызметке шақыру екеніде айтылды.
Нұрқат Тұрғанұлы бастаған агенттік қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалы, аудандық білім бөлімі мен «Еңбек мобильді орталығы» КММ-нің аудандық Мансап орталығының жұмысы зерделеп, көмек көрсетті.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 25.04.2025 11:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін225
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада2977
mod_vvisit_counterӨткен аптада10005
mod_vvisit_counterОсы айда21266
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2948281

Серіктестер