
Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің кезекті отырысы аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбековтің төрағалығымен өтті. Аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысқан аппараттық кеңестің күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды. Оның алғашқысы «Отын энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының 2024-2025 жылғы жылыту маусымының қорытындысы туралы» аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Дәуренбек Мадешев баяндады. Баяндамада аудандағы 144 бюджеттік мекеменің 138 газбен, 6-ы қатты отынмен жылытылатыны айтылды. Жылыту маусымы кезінде 25 білім беру нысанына «Байзақ су» КМК-і, 15 білім беру нысаны мен аудан әкімдігі және аудандық орталық ауруханаға «Жамбыл жылу» КМК-і қызмет көрсеткен. Сондай-ақ баяндамашы өз баяндамасында қатты отын қалдықтары мен жылыту маусымы кезінде №5 және Т.Ақбозов атындағы орта мектептер мен әл-Фараби мөлтек ауданында жүргізілген жөндеу жұмыстарына да тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «IT-TRY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы Өнер Шалғынбай антивирус бағдарламасын қолдану тәртібі туралы слайдты пайдалана отырып ақпарат берді. Онда аталған серіктестік тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы жан-жақты айтылды. Баяндамашыға сұрақтар қойылып, оған жауап қайтарылды. Кеңесте басқада мәселелер рет-ретімен қаралып, қаралған мәселелерге байланысты тиісті бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ. |
Обновлено 25.04.2025 11:31 |