Онлайн газет



КІТАП ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында арнайы тапсырма берген еді. Міне осыған орай Үкімет Қаулысымен елімізде жаңа мереке, «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілген болатын.
“Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы” демекші, кез келген жақсы кітап адамға рухани азық сыйлайды. Сондықтанда болса керек Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен “Әулиеата-кітап оқитын өңір” атанып облыста кітап оқушылар саны артып келе жатқаны қуантады.
Аталған мерекеге орай "Amanat" партиясының аудандық филиалы "Кітап-Amanat" жобасы аясында, "Кітапхана аялдамасы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Оған аудан кітапханашылары, білім беру саласының мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты.
Іс-шара өткен "Кітап-Amanat" орталығы әсем безендірілген. Сөрелерге кітаптар рет-ретімен қойылып, танысуға мол мүмкіндік жасалған.
"Қалай кітап оқуға құштарлықты арттыруға болады?" тақырыбында өткен шеберлік-сағатында алдымен сөрелерде тұрған кітаптарға шолу жасалды. Олардың арасында өз ауданымыздың ақын-жазушыларының да бірнеше еңбектері болды.
Шара барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов, аудандық мәслихаттың депутаты Гүлбахрам Ермекова, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шары Абдурасулов, тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Үкібаевтар сөз алып,  кітап оқудың тәрбиелік мәні мен маңызына жан-жақты тоқталды. Ал "Amanat" партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева ұлттық, отандық ақын-жазушыларымыздың кітаптары мен "Кітап-Amanat" жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жарнамалап, шараға қатысушылар кітап оқуға шақырды.
Шара соңында оған қатысушылар сөрелердегі кітаптармен танысып, өздері ұнатқан кітаптарды сатып алып жатты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 25.04.2025 11:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін395
mod_vvisit_counterКеше1596
mod_vvisit_counterОсы аптада3335
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда1991
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2929006

Серіктестер