Онлайн газет



ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі жеңілдей түсті. Енді мұндай қолдау түрі «FSM Social» мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге аспақ. Ол атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасылардың материалдық жағдайына зерделеу жүргізетін учаскелік комиссиялардың жұмысын автоматтандыру мақсатында әзірленіп отыр.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде жаңашылдықтар орын алып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасыларға шешімді жедел қабылдау, қорытынды шығару рәсімін жеңілдету, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына жаңашылдық енгізілді. Учаскелік комиссиялардың шешімдерін қабылдау кезінде атаулылығы мен мұқтаждығын нақты анықтау мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «FSM Social» мобильді қосымшасы іске қосылып, учаскелік комиссиялардың қызметі цифрландырылды. Бұл мобильдік қосымшаны жеке азаматтар пайдаланбайды. Тек учаскелік комиссияның құрамына беріледі. Нақтылап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ, мансап орталығы, портал арқылы өтініш береді. Өтініш қабылданғаннан кейін учаскелік комиссияға отбасын зерделеуге тапсырма беріледі. Бұрын мұның барлығы қағаз түрінде болатын. Енді бұл жүйе автоматтандырылғандықтан, мәлімет атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттық жүйеден округтегі учаскелік комиссия төрағасына сигнал түседі. Комиссия мүшесі атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтың материалдық жағдайын анықтау кезінде қосымша арқылы геолокацияны, яғни нақты географиялық орнын белгілейді, сол жерде өтініш берушінің келісімімен қорытындысын жібереді. Бұл мәліметтер «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған жүйеде бірден тіркеледі. Мұндағы негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және өтініш берушінің нақты географиялық орнын анықтау. Ең соңғы шешімді уәкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері шығарады.
«FSM Social» - тек қоғамдық байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін цифрлық көмекші. Атаулы әлеуметтік көмек секілді маңызды мемлекеттік көмектердің ашық және әділ үлестірілуіне қоғамдық бақылау жасау - «FSM Social» арқылы мүмкін болып отыр. Бұл - халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын маңызды қадам.

Бақытжан МЕЛДЕБЕКОВ,
«Еңбек мобильді орталығы» КММ-нің Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталығы филиалы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1080
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2646
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19055
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855630

Серіктестер