Онлайн газет



КІЛ МЫҚТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Aудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «IQJASTAR» интеллектуалды ойынының ІІ кезеңі - “САЯХАТШЫ ДАРА” кезеңі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты-интеллектуалды ортаны қалыптастыру, түрлі мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары арасында білімге құштарлықты арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану, командада жұмыс жасау арқылы мәселені талқылау қабілетін дамыту, яғни, елімізде зияткер буын өкілдерін қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.
19 команданың қатысуымен өткен тартысты ойын 5 бөлімнен құралды. Әр бөлім жеті сұрақтан келсе, әр сұрақты ойлануға 30 секундтан берілді. Сайысқа қатысушылар «Қара, оқы, тыңда», «Ұшам десең алысқа», «Бір әріп», «National geographic», «Тақырып» аталымдары бойынша өзара кіл мықтыны анықтады. Аса тартысты да қызықты сәттерге толы сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп, «Сенсация» командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, «NOMAD» командасы - екінші орынды жеңіп алды. «3+2» командасына үшінші орын бұйырды.
Жеңімпаз командарларға диплом және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Ерлан БАРТБЕК,
мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы.

Обновлено 25.04.2025 11:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1870
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26457
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79001
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457070

Серіктестер