Онлайн газет



ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Бүлінген тағдырлар, тепкінің құрбаны болғандар, шарасыздан бұғып, барар жері, басар тауы болмай сенделгендер, әлімжеттік жасап әйелінің арын, намысын, құқығын аяққа таптағандар, бассыздыққа салынып ұл-қызына қол көтергендер. Осылайша қаншама әйел, ұл-қызымыз үрей мен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп, енді бірі құрбан болып жатыр.
Отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылық туралы Сіз білесіз бе? Ол отбасындағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез келген түрі. Отбасыңыздағы ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, анасына, әпкесіне деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау осының барлығы шыдауға болмайтын зорлық-зомбылық. Ең бастысы зорлық-зомбылық өміріңізге және денсаулыққа өте қауіпті.
Жоғарыда айтылған жәйіттер өміріңізде, отбасыңызда немесе туысқандарыңызда орын алып жатса не істеу керек?
- Ұрып соғуды, қорқытуды камераға түсіріңіз. Қорғануға осы жазылымдар көмектеседі.
- Әрбір жағдайда полицияға хабарласыңыз.
- Балалармен бара алатын қауіпсіз орын іздеңіз.
- Туысқандарыңыздан, сенімді адамыңыздан көмек сұраңыз.
- Көршілерге үйде айқай-шу естілген жағдайда полиция шақырту керектігін ескертіп қойыңыз.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабына 01.07.2023 жылы өзгерістер енгізілді. Яғни бұрын жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан болса қазір арыздың негізінсіз, хабарлама арқылы құқықбұзушыны жауапкершілікке тартады. Одан әрі іс-құжат сотқа жолданып, сот шешімімен әрі қарай қамаққа алынады. 73-б 1 б (Құқықбұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзгеде тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – ескерту жасауға не жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Отбасында орын алатын жанжал барысында қол көтеру немесе дене жарақатын салу кезінде заңда қылмыстық жаза қарастырылған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бөлігі «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін» ҚК-тің 108-1-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қайта сараланып, (ҚР ҚК-нің 108-1-бабы) 200 МРП айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу. ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бөлігі «Ұрып-соғу» ҚК-нің 109-1-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қайта сараланып, заң жобасына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 109-1 бабы) заң жобасында 80 МРП мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Заңнама талаптарына сәйкес, өткен жылдың 16 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді.
“Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның кезекші бөліміне, “102”-ге қоңырау шалыңыз. Жарақатыңыз болса бірден жедел-жәрдем шақырып немесе ауруханаға барып, алған жарақаттарыңызды тіркетіп, полицияға жүгініңіз. Құқықбұзушы жауапкершіліксіз қалмасын! Отбасының принципі – оның кез келген мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі! Үй болған соң ыдыс–аяқ сылдырламай тұрмайды. Ерлі-зайыпты ұрыстың соңын ушықтырмай, дер кезінде бір-біріне түсіністік танытып жатса, кейін өкініш тудырмайтыны рас.
2024 жылдың 4 қазанында ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды. Бұл басқарманың құрылуы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте Қазақстанның саясатын нығайтуға бағытталғандығын, осы арқылы жәбірленушілерге тиімді көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда осы мәселе бойынша сананы көтеру мақсатында жұмыс жүргізіледі. Бұл басқарманың міндеттері төмендегілерді қамтиды:
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау, бақылау және жедел әрекет ету. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерін анықтау, оны болдырмау және қажет болған жағдайда жедел әрекеттерді қолдану.
2. Жәбірленушілерді қорғау, қауіпсіздік пен қолдау көрсету. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға заңды, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.
3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануы мен агрессорларды әлеуметтендіруді бағалау. Зорлық-зомбылық жасаған адамдардың қайталамауына бағытталған шараларды жүзеге асыру, сонымен қатар оларды әлеуметтік қайта бейімдеу.
4. Халықты хабардар ету және төзбеушілікті насихаттау. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға әсерін түсіндіру, оған қарсы тұрудың маңыздылығын насихаттау.
5. Талдау жұмыстары мен ақпараттық қамтамасыз ету. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың статистикасын жинау, талдау және оған қарсы шаралардың тиімділігін бағалау.
6. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау. Әйелдердің құқықтарын қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау және оларға қолдау көрсету.
Тұрмыстық зорлық–зомбылықтан зардап шеккендерге арналған ұлттық сенім телефоны ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ - «150».
Ағымдағы жылдың 20 сәуір мен 20 маусым аралығында аудан аумағында «Біз Байзақ ауданы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!” атты челлендж-флешмоб форматындағы ауқымды акциясы өтуде. Аталған іс-шараның мақсаты - ішкі істер министрлігі жариялаған Құқықбұзушылықтар профилактикасы жылы: «Полиция Заң мен Тәртіпті күзетінде» шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу қағидасын және ішкі істер органдарына қоғамдық сенімді нығайту.

Айгүл Нұрова,
аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1184
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2750
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19159
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855734

Серіктестер