Онлайн газет



СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сібір жарасы – терінің  сыртқы қабатын зақымдаумен сипатталатын аса қауіпті инфекция. Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз  – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.  Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.
Аталған аурудың үш түрі бар: терілік, өкпелік және сепсистік. Аурудың қоздырушысы – таяқша пішінді, қозғалмайтын аэробты бактерия.
Ауру көбіне тері жамылғысын зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Дененің ашық жерлері зақымдалады.
Алдын алудың негізгі шаралары.
1.Үй жануарларының күтімі кезеңінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (резеңке қолқаптар, плащтар және тағы басқа);
2. Сібір жарасына қарсы үй жануарларына профилактикалық  вакцинация жасау;
3.Ауылшаруашылық жануарларын сату және сою кезінде санитариялық ережелерді сақтау;
4. Жануарларды алдын ала ветеринарлық тексеруден кейін сою;
5. Ет пен басқа да жануарлардың өнімдерін тек ветеринарлық куәландырудан кейін сату;
6. Кездейсоқ тұлғалардан ет пен сүт өнімдерін сатып алмау;
7. Сібір жарасы індетіне қарсы қасапшылар, ет және ет өнімдерін жинау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және сатумен айналысатын тұлғалар, сонымен қатар сібір жарасы індетінің қолайсыз аумақтарында жұмыс істейтіндер алдын алу екпелерін алуы қажет.

Байділда Шиналиев, 
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін221
mod_vvisit_counterКеше1193
mod_vvisit_counterОсы аптада8270
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда6926
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2933941

Серіктестер