Онлайн газет



ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР

Көктем шығысымен ауыл тұрғындары ауласын, бау-бақшасын қураған шөптен, қи-қоқыстан тазартамыз деп қоқыс жағып, қараусыз қалдырып, соңы үлкен өрттерге алып келеді. Өрттің салдарынан адамдар тұрғын үй, автокөлік және ең басты құндылық адам өміріне үлкен қауіп тудырады.
Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін мынадай өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар:
1. Аула аумағын үнемі жанғыш қи-қоқыстардан тазартып тұрыңыз;
2. Аулада қураған шөп, тұрмыстық, қи-қоқыс жағуға;
3. Тұрғын үйлерде тез тұтанғыш сұйықтықтарды (керосин, бензин, тағы басқа) сақтауға;
4. Үйлерге жақын және салынып жатқан құрылыс шатырларында шөп жинауға;
5. Ас үй, коридор мен шатырды қираған үй жиһаздарымен және бөгде заттармен бөгеуге;
6. Сарай мен қоймаларға ашық от көздерімен (жанып тұрған факелмен, шақпақ тағы басқа) жүруге;
7. Балалардың сіріңкемен және ашық от көздерімен ойнауға жол бермеңіз.
Естеріңізде сақтаңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау-әр  азаматтың міндеті. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзған азамат - әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Медет ТАУКЕБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1269
mod_vvisit_counterКеше1670
mod_vvisit_counterОсы аптада2939
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда11223
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2938238

Серіктестер