Онлайн газет



БІЛІМ ОРДАСЫ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ Ғ.БАЙТАСОВ АТЫМЕН АТАЛМАҚ

Дүйсенбі күнге шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясы  күн тәртібіне шығарылған екі мәселені талқыға салды.
Алғашқысы -Түймекент ауылдық округіне қарасты Түймекент орта мектебінің атауын «Ғазиз Байтасов атындағы орта мектеп» деп өзгерту

туралы аталмыш округ әкімі мен мектеп ұжымының ұсынысына сәйкес, аудандық ономастикалық комиссиясының шешімі болатын. Сессия жұмысы басталар алдында оның төрағасы Н.Есимов батыр жерлесіміз, (марқұм) Ғазиз Байтасовты еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялады.
№2 Амангелді сайлау округінен депутат А.Исабаев бір топ депутаттар атынан аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясының күн тәртібіне «Аудандық мәслихаттың №3 Жалғызтөбе сайлау округінен сайланған депутат Н.Есимовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» және аудандық мәслихаттың кезекті Х сесиясының төрағасын сайлау туралы ұсынысын енгізуін сұрады. Ұсыныс қабылданып, шешім шығарылды. Бұдан соң аудан әкімдігі жанындағы тіл саясатын іске асырушы консултациялық-кеңесші орган мәжілісінің хаттамасымен аталмыш комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С.Сыздықов таныстырды. Оның қорытындысында Түймекент орта мектебіне Ғазиз  Байтасовтың есімін беру туралы ұсыныс қабылдансын, сондай-ақ осы қорытынды және аталған мәселе бойынша жасалған ұсыныстарды қолдау облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясынан сұралсын делінген.
Ұсынылып отырған мәселенің маңыздылығын ескере келе, мәслихат депутаттары бірауыздан Түймекент орта мектебінің атауын «Ғазиз Байтасов атындағы орта мектеп» деп өзгерту туралы аталмыш округ әкімі мен мектеп ұжымының ұсыныстары қуатталсын және облыс әкімі мен облыстық мәслихаттан осы шешімді қолдау сұралсын деген шешім қабылдады.
Мәслихат депутаттары ұсыныс арқылы күн тәртібіне енгізілген екінші мәселені талқылауға көшті. Мәселеге қатысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Төлепбергенов мәселенің туындау себептеріне байланысты хабарлама жасады. Атап айтқанда, №3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Есимов Нарбек Атеевичтің Мырзатай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалуына байланысты,  оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқату мәселесін қойды.
Мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
Сессия соңында халық қалаулылары аудандық мәслихаттың кезекті Х сессиясының төрағасы етіп №4 Сазтерек сайлау округінен депутат Рәпілбеков Сәкен Сейсенбайұлын сайлады.
Сессия жұмысына аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев қатысып, мәселеге қатысты сөз сөйледі.

 

Өз тілшіміз.

 

Обновлено 10.10.2012 15:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін986
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада7492
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда24122
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275791

Серіктестер