Онлайн газет



КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімі Олжас Баққараев имамдармен кездесті. 
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков, аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Темірлан Жұмалбеков, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиында ауданның бас имамы Қанат Жұмағұл өткен жылы атқарылған жұмыстар, атап айтқанда, пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, қажылық, қайырымдылық, діни кеңес беру, жастармен жұмыс, халал стандарттау, әйел-қыздар секторы, ұлттық құндылықтар, тағы басқа да бағыттар бойынша баяндама жасады.
Баяндамашы ауданымызда 35 мешіт, онда  42 діни қызметкер жұмыс жасайтындығын,  пәтуаға қатысты әртүрлі тақырыптарды қамтыған 2660 сұраққа жауап берілгендігін, дін  мен дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында 5640 адам қатысқан 75 шара, атап айтқанда дін мен дәстүрге байланысты 1 конференция, “Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы” тақырыбында 1 форум өткендігін, қоғамның осал топтар санатындағы 24814 отбасыға 353 234 000 теңгенің қайырымдылығы көрсетілгендігіне басымдық берді. Аудан орталығындағы “Байзақ баба” және “Әр Рахман” мешіттерінде  жастар арасында ажырасудың алдын алу мақсатында кеңес беру орталығы жұмыс жасайтындығын, “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталған 68 рет сенбілік ұйымдастырылып, 279 түп тал-дарақтар отырғызылғандығын жеткізді. Сонымен қатар имамдар қызметтік баспанамен қамтылса деген ұсынысын  да айтып қалды.
Жүздесуде аудан әкімі Олжас Елебекұлы мешіт салу-сауапты іс,  ал мектеп пен балабақша,  спорт  кешені, аурухана салудың сауабы мешіт тұрғызудан кем емес екендігіне, сондай-ақ «Ішімдіксіз ауыл» жобасын қолдап, осының аясында дін өкілдері жамағатпен, ауыл тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне екпін салды. Неке қию, жастар арасындағы ажырасудың алдын алу, жат ағымдардың қауіптілігі, имамдардың біліктілігін арттыру сынды жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков дін өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі үлкен екендігін естен шығармауы қажеттігін айтты. Мұсылманша неке қию  және мәйітті ақтық сапарға шығарып салу кезінде АХАТ, денсаулық сақтау саласы және ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен үйлесімді әрекет ету керектігін де айтып өтті.
Сондай-ақ жиында ауыл имамдары да көкейлерінде жүрген ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Кездесу соңында О.Баққараев дін өкілдері тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынатындығын  жеткізді.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 22.04.2025 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1088
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2654
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19063
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855638

Серіктестер