Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Ауылына қарап – азаматын таны»  демекші, ауданымыздың таза да, сәнді, сәулетті болуы біз үшін мақтаныш. Сондықтанда жыл сайын көктемгі, күзгі екі айлықта ауылдарды тазалау, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жақсы дәрежеде ұйымдастырылып келеді.
Міне осындай ауылдарды тазалау жұмыстары өткен сенбі күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығындағы «Отбасы» аллеясына қарама-қарсы жол бойында болды.
Аудан әкімдігі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сенбілікке қатысқандар көп болды. Олардың арасында аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат ұжымы, аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері белсенділік танытты. Олар үлкен жол бойындағы ретсіз өскен шөптерді шауып, қураған бұтақтарды ретке келтірді, күл-қоқыстарды жиып, сыртқа шығарды. Міне осындай тазалық жұмыстарына аудан әкімі Олжас Баққараев өз орынбасарларымен қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін523
mod_vvisit_counterКеше1461
mod_vvisit_counterОсы аптада8252
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда16536
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2943551

Серіктестер