Онлайн газет



ТӨРТ МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Жер Кодексі нормаларына сәйкес аудандардың, облыстың маңызы бар қалалардың уәкілетті органдардың аудан шекарасы, қала шекарасы шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретінде:
-иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
-жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
-жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
- пайдаланылмай жатқан жерді анықтау жатқызылған (ҚР Жер Кодексінің 14-1 бабының 3-тармағы).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №194 бұйрығымен «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау» және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №252 бұйрығымен «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу туралы» қағидалары бекітілген.
Қағидаларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау, мониторинг жүргізу тәртібі нақты айқындалған.
Өткен жылы ауданымыз бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 1000 гектар жер мемлекетке қайтарылған болатын.Биылғы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, Байзақ ауданы бойынша әр ауылдық округ аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері анықталатын болады. Сөйтіп, 4000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады деген болжам бар.
Ауданымыздағы 17 ауылдық округтерде 2985 шаруа қожалықтары (Ботамойнақ-340, Бурыл-195, Диқан-372, Жалғызтөбе-227, Жаңатұрмыс-262, Көктал-35, Көптерек-118, Қостөбе-171, Мырзатай-164, Бәйтерек-121, Сазтерек-121, Сарыкемер-108, Суханбаев-143, Темірбек-113, Түймекент-284, Үлгілі-88, Ынтымақ-123) тіркелген.
Жер - басты байлық.  Сондықтан шаруа қожалықтары басшыларын жерді тиімді де, ұтымды пайдалануға шақырамыз. Пайдаланбай жатқан жерлер бойынша салық басқармасына қосымша салық құнын екі есе көтеру бойынша мәліметтер жіберілетін болады.
Аталған жұмыстар облыс әкімдігі, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, облыстың жер қатынастары басқармасымен және Салық басқармасымен тұрақты бақылауында болады.

Ержан ТҰРСЫНБЕК,
аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1126
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2692
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19101
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855676

Серіктестер